Семей қаласының Қоғамдық кеңесі отырысының № 8 ХАТТАМАСЫ

Семей қаласының Қоғамдық кеңесі отырысының № 8 ХАТТАМАСЫ

Семей қаласы,                                                  2025 жылғы 17 желтоқсан
Абай көшесі, 97.                                               17:00

Төраға: Алтынбекова Г.К. — Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
Хатшы: Сейльханов К.М. — Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің хатшысы.
Қатысқандар: Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Семей қаласы мәслихатының «2026–2028 жылдарға арналған Семей қаласының бюджеті туралы» шешімінің жобасын келісу мәселесін қарау.

ТЫҢДАЛДЫ:

Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Алтынбекова Г.К., ол Қоғамдық кеңестің атына Абай облысы Семей қаласының «Экономика және қаржы бөлімі » ММ-нен  Семей қаласы мәслихатының «2026–2028 жылдарға арналған Семей қаласының бюджеті туралы» шешімінің жобасын келісу туралы хат келіп түскенін хабарлады.

Жоба бойынша ақпаратты Семей қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы  Тәттібеков Болат Бауыржанұлы ұсынды.

Семей қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы ақпарат ұсынғаннан кейін Қоғамдық кеңестің төрағасы Г.К. Алтынбекова 2026–2028 жылдарға арналған бюджет жобасын қорытындылап, төмендегіні атап өтті:

  • 2026 жылға арналған бюджет кірістерінің көлемі 75 739 794,0 мың теңге мөлшерінде болжануда, бұл салықтық түсімдер құрылымының өзгеруіне және бюджет деңгейлері арасында кірістердің қайта бөлінуіне байланысты 2025 жылдың нақтыланған жоспарының көлемінен (84 668 491,0 мың теңге) төмен;
  • негізгі кірістер 56 781 203,0 мың теңге көлеміндегі салықтық түсімдер есебінен қалыптасады, бұл ретте әлеуметтік салық бойынша түсімдердің 2025 жылғы 21 536 880,0 мың теңгеден 2026 жылы 265 325,0 мың теңгеге дейін қысқаруы байқалады;
  • салықтық емес кірістер мен негізгі капиталды сатудан түсетін кірістер шектеулі әрі біржолғы сипатқа ие.

2026 жылға арналған бюджет шығыстарының көлемі 72 223,9 млн теңгені құрайды, оның ішінде:

  • халықты әлеуметтік қорғау — 8 620,2 млн теңге;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық — 21 121,0 млн теңге;
  • көлік инфрақұрылымын дамыту — 18 743,2 млн теңге.

Қоғамдық кеңес мүшелері әлеуметтік төлемдер баптарын, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді қаржыландыру, абаттандыру, көлік желісін дамыту және автомобиль жолдарын күрделі жөндеу мәселелерін жан-жақты қарастырды.

Қойылған сұрақтарға Семей қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы  Тәттібеков Болат Бауыржанұлы түсініктемелер берді.

ТАЛҚЫЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

  1. Семей қаласының 2026–2028 жылдарға арналған бюджетінің жобасы жалпы алғанда Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келеді және бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталған деп танылсын.
  2. Ұсынылсын:
  • түсіп қалатын кірістерді бюджетаралық трансферттер есебінен өтеу мүмкіндігін қарастыру;
  • салықтық базаны кеңейту және жергілікті кірістерді әкімшілендірудің тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау;
  • бюджет шығыстарын қалыптастыру және нақтылау кезінде меншікті кірістердің қысқару тәуекелдерін ескеру.
  1. Семей қаласының 2026–2028 жылдарға арналған бюджетінің жобасы қолдау тапсын және көрсетілген ұсыныстарды ескере отырып, Семей қаласы мәслихатының қарауына ұсынылсын.

Шешім бірауыздан қабылданды.

Семей қаласының

Қоғамдық кеңесінің төрағасы                               Г. Алтынбекова

Семей қаласының

Қоғамдық кеңесінің хатшысы                                К. Сейльханов

Дата публикации
22 декабря 2025