Семей қаласының Қоғамдық кеңесі  отырысының № 7 ХАТТАМАСЫ

Семей қаласының Қоғамдық кеңесі  отырысының

№ 7 ХАТТАМАСЫ

Семей қаласы,  2025 жылғы 15 желтоқсан
Абай көшесі, 97.   Сағат 17:00

Төраға: Алтынбекова Г.К. – Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
Хатшы: Сейльханов К.М. – Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің хатшысы.
Қатысқандар: Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 20 қарашадағы № 34/176-VIII «Семей қаласында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы» шешімін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 374-18) күшін жойды деп тану мәселесін қарау.
  2. Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 262 «Семей қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйдің лифтілерін жөндеу және ауыстыруға, сондай-ақ күрделі жөндеуге байланысты пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, автотұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы әкімдік қаулысының жобасын келісу.
  3. Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/195-VIII «2025–2027 жылдарға арналған Семей қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасын келісу.
  4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың әлеуметтік қамтамасыз етілуін жақсарту мәселелерін, оның ішінде Семей қаласында тұратын Ауған соғысы ардагерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын күшейту мәселесін қарау.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша

ТЫҢДАЛДЫ:
Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Алтынбекова Г.К., ол Қоғамдық кеңестің атына Абай облысы Семей қаласының «Кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нен Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 20 қарашадағы              № 34/176-VIII «Семей қаласында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы» шешімін күшін жойды деп тану мәселесі бойынша сараптамалық қорытынды жүргізу туралы хат келіп түскенін хабарлады.

Алтынбекова Г.К. аталған құжаттың тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келетінін, ал мәслихат шешімінің күшін жою 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа нормативтік құқықтық актінің енгізілуіне байланысты екенін және бұл жергілікті қоғамдастықтың мүдделеріне сай келетінін атап өтті.

ТАЛҚЫЛАУДАН КЕЙІН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

  1. Қоғамдық кеңес мүшелерінен ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
  2. Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 20 қарашадағы № 34/176-VIII шешімін күшін жойды деп тануды қолдау және келісу.

Шешім бірауыздан қабылданды.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша

ТЫҢДАЛДЫ:
Алтынбекова Г.К., ол Абай облысы Семей қаласының «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нен Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасы келіп түскенін хабарлады.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелері аталған жобаға келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешім қабылдауы тиіс.

Алтынбекова Г.К. жоба бойынша ұсыныстар мен ескертулердің бар-жоғын сұрады.

ТАЛҚЫЛАУДАН КЕЙІН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

  1. Ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
  2. Семей қаласы әкімдігінің қаулы жобасын ескертусіз келісу.

Шешім бірауыздан қабылданды.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша

ТЫҢДАЛДЫ:
Алтынбекова Г.К. Семей қаласының экономика және қаржы бөлімі Қоғамдық кеңестің қарауына Семей қаласы мәслихатының «2025–2027 жылдарға арналған Семей қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөніндегі жоба ұсынғанын хабарлады.

Жоба бойынша ақпаратты Семей қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тәттібеков Болат Бауыржанұлы ұсынды.

Қоғамдық кеңес мүшелері енгізілетін өзгерістер бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстар айтты. Қойылған сұрақтарға Тәттібеков Болат Бауыржанұлы түсініктемелер берді.

ТАЛҚЫЛАУДАН КЕЙІН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

  1. Жоба ескертусіз келісілсін.

Шешім бірауыздан қабылданды.

Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша

ТЫҢДАЛДЫ:
Алтынбекова Г.К. Қоғамдық кеңес мүшесі Рахматуллина Ф.К. азаматтардың әлеуметтік қамтамасыз етілуін жақсарту, оның ішінде Ауған соғысы ардагерлеріне әлеуметтік қолдауды күшейту мәселелерін көтергенін хабарлады.

Алтынбекова Г.К. Семей қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына талдау жүргізілгенін және Социалдық кодексте көзделген қолдау шаралары жергілікті деңгейде толық көлемде іске асырылмай отырғанын атап өтті.

Талдау нәтижесінде әлеуметтік қолдаудың жүйелі және тұрақты түрлері жеткіліксіз екені анықталды.

ҚОРЫТЫНДЫ:
Семей қаласындағы әлеуметтік қолдау негізінен біржолғы және мерекелік сипатта жүзеге асырылуда. Ал Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген жүйелі және тұрақты әлеуметтік қолдау шаралары толық көлемде іске асырылмай отыр және қосымша пысықтауды қажет етеді.

ТАЛҚЫЛАУДАН КЕЙІН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
Абай облысы Семей қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне:

  1. Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын Әлеуметтік кодекске сәйкестігі тұрғысынан кешенді талдау жүргізу;
  2. Әлеуметтік қолдау шараларының тізбесін кезең-кезеңімен кеңейту мүмкіндігін қарастыру;
  3. Ауған соғысы ардагерлері мен Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға қатысушыларға ерекше назар аудару ұсынылсын.

Осы шешімнің орындалуын бақылау Қоғамдық кеңесте қалдырылсын.

Отырыс қорытындысы: күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды. Шешімдер бірауыздан қабылданды.

Төраға
Семей қаласының

Қоғамдық кеңесі                                  Г. Алтынбекова

Хатшы                                                       К. Сейльханов

 

Дата публикации
18 декабря 2025