Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысының № 6 ХАТТАМАСЫ

Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысының    № 6 ХАТТАМАСЫ

Семей қ.                                                               2025 жылғы 10 желтоқсан                Абай көшесі, 97, 8-қабат                                  сағат 10:00

Төраға: Алтынбекова Г.К., Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Хатшы: :  Сейльханов К. М., Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің хатшысыі.

Қатысқандар: Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Абай облысы Семей қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік коммуналдық ұйымының хаты бойынша Семей қаласы әкімдігінің «Коммуналдық қызметтер тізімін бекіту және коммуналдық қызметтерді көрсету ережелері» жобасы бойынша сараптамалық қорытынды жүргізу мәселесін қарау.
  2. Абай облысы Семей қаласының «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік коммуналдық ұйымының хаты бойынша Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы №172 «Көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу ережелерін бекіту» туралы қаулысына өзгерістер енгізу жобасын мақұлдау.
  3. ТЫҢДАЛДЫ:

Г.К. Алтынбекова, Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Қоғамдық кеңеске Абай облысы Семей қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік коммуналдық ұйымынан «Коммуналдық қызметтер тізімін бекіту және коммуналдық қызметтерді көрсету ережелері» жобасы бойынша сараптамалық қорытынды жүргізу туралы хат келгенін хабарлады.  Сараптамалық

бағалау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылып, сараптамалық қорытынды дайындалды. Г.К. Алтынбекова жұмыс тобының қорытындысымен Қоғамдық кеңес мүшелерін таныстырды. 

Жұмыс тобы кешенді сараптаманы жүргізді, оған мыналар кірді: 

  • Қолданыстағы заңнаманы талдау (Қазақстан Конституциясы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң, коммуналдық қызметтер саласындағы нормативтік-құқықтық актілер);
  • Коммуналдық қызметтер тізімін бағалау және толық көрсетілмеген позицияларды анықтау;
  • Әлеуметтік-экономикалық талдау, соның ішінде мүмкін тәуекелдер;
  • Келіссөздер барысында жиналған қоғамдық пікірді талдау.

Жұмыс тобының қорытындысы бойынша негізгі ескертулер мен ұсыныстар: 

Ескертулер: 

  1. Жобаның қосымшасында коммуналдық қызметтер тізімі толық көрсетілмеген – қызмет түрлерін нақтылау қажет.
  2. Жобада шағымдарды қабылдау тәртібі, қайта есептеу және қызмет сапасы стандарттары нақты көрсетілмеген.
  3. Семей қаласының инфрақұрылым ерекшеліктері толық ескерілмеген.

Ұсыныстар: 

  1. Толықтырылған коммуналдық қызметтер тізімін қосу: су жабдықтау, канализация, жылу жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, үйлер мен аумақты күту, қосымша қызметтер.
  2. Шағымдарды қабылдау, тексерулерді жүргізу және қайта есептеу тәртібін айқындау.
  3. Коммуналдық қызметтер жеткізушілеріне сапа стандарттарын бекіту.
  4. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін тариф құрылымын жариялау.
  5. ЖКХ мәселелері бойынша тұрақты қоғамдық тыңдаулар өткізу.
  6. Азаматтардың өтініштері үшін бірыңғай байланыс орталығын енгізу.

Жұмыс тобы құжаттың заңнамаға сәйкес келетінін және ұсынылған толықтырулар енгізілген жағдайда қолдау көрсетуге болатынын атап өтті. 

ТАЛҚЫЛАЙ КЕЛІП, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоғамдық кеңес мүшелерінен ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.
  2. Жұмыс тобы ұсынған толықтырулар мен нақтылаулар енгізілген жағдайда жобаны қолдау және мақұлдау.

Шешім бірауыздан қабылданды.

  1. ТЫҢДАЛДЫ:

Алтынбекова Г.К. – хабарлады, Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы №172 «Көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу ережелерін бекіту» туралы қаулысына өзгерістер енгізу жобасын келісу туралы хат Қоғамдық кеңеске түсті. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес, Қоғамдық кеңес мүшелері жоба бойынша келісім беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдауы тиіс.

Алтынбекова Г.К. жоғарыда аталған нормативтік құқықтық акт жобасы бойынша ұсыныстар мен ескертулер бар-жоғын сұрады.

ТАЛҚЫЛАЙ КЕЛІП, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
  2. Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы №172 «Көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу ережелерін бекіту» туралы қаулы жобасын ескертусіз келісу.

Шешім бірауыздан қабылданды.

 Семей қаласының

Қоғамдық кеңесінің төрағасы                               Г. Алтынбекова

Семей қаласының

Қоғамдық кеңесінің хатшысы                                К.Сейльханов       

Дата публикации
11 декабря 2025