Семей қаласы Қоғамдық кеңесі Президиумы отырысының
№ 4 ХАТТАМАСЫ
Семей қ. 2025 жылғы 10 желтоқсан
Мәңгілік ел көшесі, 4, 102-кабинет сағ 17:00
Төрағалық етті: Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің төрайымы Алтынбекова Г.К.
Отырыстың хатшысы: Қоғамдық кеңестің хатшысы Сейльханов К.М.
Қатысқандар: Қоғамдық кеңес Президиумының мүшелері:
Оразғалиева А.К., Қасенов Б.Ж., Өтелбаев А.Х., Халин В.Н., Нүсіпбаева С.К.
КҮН ТӘРТІБІ:
Баяндамашы: Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің төрайымы Алтынбекова Г.К.
Алтынбекова Г.К. Қоғамдық кеңес мүшесі Кенесбаев Е.А.-ның қыс мезгілінде жылудың сапасы мен уақытылы берілуіне қоғамдық бақылау қажеттілігі жөніндегі ұсынысы түскенін атап өтті.
Төрайым жылу беру жағдайына мониторинг жүргізудің маңыздылығын айтты және тиісті жұмыс тобын құруды ұсынды.
Жұмыс тобының құрамы:
ШЕШІМ:
Баяндамашы: Алтынбекова Г.К.-Қоғамдық кеңес мүшесі Кенесбаев Е.А.-ның қысқы уақытта маршруттардың жұмысы, қозғалыс интервалы, автобустардың техникалық жағдайы және жолаушыларға қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізу қажеттілігі туралы ұсынысы түскенін атап өтті.
Жұмыс тобын құру ұсынылды.
Бақылаудың негізгі бағыттары:
Жұмыс тобының құрамы:
ШЕШІМ:
Шешім бірауыздан қабылданды.
Төраға ұсынылған кесте жобасын таныстырды.
ШЕШІМ:
Шығу кестесі төмендегідей бекітілсін:
Желтоқсан – ақпан (негізгі маусым):
– айына бір рет – жылу көздерін (ЖЭО) мониторингтеу;
– айына екі рет – әлеуметтік нысандарды мониторингтеу;
– шағымдар түскен жағдайда – жоспардан тыс шығулар.
Наурыз:
– 1–15 наурыз: қорытынды бақылау;
– 15–31 наурыз: есеп дайындау.
Шешім бірауыздан қабылданды.
Төраға Г. Алтынбекова
Хатшы К. Сейльханов