Семей қаласы Қоғамдық кеңесі Президиумы отырысының
№ 3 ХАТТАМАСЫ
Семей қаласы 2025 жылғы 5 желтоқсан
Мәңгілік ел көшесі, 4 үй,
102-кабинет сағат 11:00
Төрағалық етті: Алтынбекова Г.К., Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
Хатшы: Сейльханов К.М., Қоғамдық кеңестің хатшысы.
Қатысқандар: Президиум мүшелері – Оразғалиева А.К., Қасенов Б.Ж., Утельбаев А.Х., Халин В.Н., Нусупбаева С.К.
КҮН ТӘРТІБІ:
- Семей қаласы әкімдігінің «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасын сараптама бағалау мақсатында жұмыс тобын құру құру.
- ТЫҢДАЛДЫ:
Төраға Алтынбекова Г.К. күн тәртібін таныстырып, жұмыс тобын құру қажеттілігін түсіндірді. Қатысушылар аталған мәселеге байланысты өз пікірлерін айтты.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
- Қаулы жобасын қоғамдық сараптамадан өткізу үшін жұмыс тобы құрылсын.
- Комиссия Жұмыс тобының құрамы төмендегідей бекітілсін:
- Алтынбекова Г.К — жұмыс тобының жетекшісі
- Касенов Б.Ж — жұмыс тобының мүшесі
- Алдангуров А.А — жұмыс тобының мүшесі
- Утельбаев А.Х — жұмыс тобының мүшесі
- Серікболұлы М — жұмыс тобының мүшесі
3.Жұмыс тобына келесі міндеттер жүктелсін:
- Қаулы жобасының мазмұнына құқықтық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық сараптама жүргізу;
- Коммуналдық қызметтер тізбесінің толықтығы мен негізділігін бағалау;
- Қоғамдық пікірді анықтау үшін тұрғындардан, ұйымдардан ұсыныстар жинау;
- Сараптамалық қорытындыны әзірлеп, Қоғамдық кеңестің қарауына енгізу.
- Осы шешімнің орындалуын Қоғамдық кеңес төрағасы Алтынбекова Г.К бақылауға алады.
Шешім бірауыздан қабылданды.
Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Г. Алтынбекова
Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы К. Сейльханов