Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысының № 3 хаттамасы

№ 3 ХАТТАМА

Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы

Семей қ.                                                                       10  қараша  2025 ж                      Мәңгілік Ел к., 4 үй                                                                                              сағат 16:00

Төраға: Алтынбекова Г.К., Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Хатшы: Сеильханов К.М., Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің хатшысы.

Қатысқандар: Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қала әкімінің орынбасары  Тлеужанов Ержан Хамитович, мемлекеттік мекемелердің басшылары (тізім қоса берілді).

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласының 2024–2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын қарау.
  2. Абай облысы Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
  3. Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласының 2025–2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/195-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасын қарау.
  4. ТЫҢДАЛДЫ:

Алтынбекова Г.К. – хабарлады, Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласының 2024–2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы (өзгерістерді ескере отырып, қайталап) Қоғамдық кеңеске түсті. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес, Қоғамдық кеңес мүшелері жоба бойынша келісім беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдауы тиіс.

Алтынбекова Г.К. жоғарыда аталған нормативтік құқықтық акт жобасы бойынша ұсыныстар мен ескертулер бар-жоғын сұрады.

ТАЛҚЫЛАЙ КЕЛІП, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
  2. Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласының 2024–2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын ескертусіз келісу.

Шешім бірауыздан қабылданды.

  1. ТЫҢДАЛДЫ:

Алтынбекова Г.К. – хабарлады, Абай облысы Семей қаласының экономика және қаржы бөлімі Қоғамдық кеңеске «Семей қаласының 2025–2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/195-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәслихат шешімінің жобасын қарауға ұсынды.

Семей қаласының экономика және финанс бөлімінің басшысы Тәттібеков Болат Бауыржан ұлы  ақпарат берді. Енгізілетін өзгерістерге қатысты Қоғамдық кеңес мүшелері Кенесбаев Е.А, Утельбаев А.Х, Нусупбаева С.К, Алдангуров. А.А Алтынбекова Г.К өз сұрақтарын қойып , ұсыныстар айтты.

Қойылған сұрақтарға қала әкімінің орынбасары  Тлеужанов Ержан Хамитович, финанс бөлімінің басшысы Тәттібеков Болат Бауыржан толығымен  ақпарат берді.

Алтынбекова Г.К. кеңес мүшелерінен аталған жобаға қатысты ұсыныстар мен ескертулер бар-жоғын сұрады.

ТАЛҚЫЛАЙ КЕЛІП, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласының 2025–2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/195-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасын ескертусіз келісу.

Шешім бірауыздан қабылданды.

  1. ТЫҢДАЛДЫ:

Алтынбекова Г.К. – хабарлады, Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту қажет. Жұмыс жоспарының жобасы комиссиялар отырыстарында алдын ала талқыланды. Осыған байланысты Алтынбекова Г.К. 2026 жылға арналған жоспарды бекітуді ұсынды.

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.

Шешім бірауыздан қабылданды.

Семей қаласының

 Қоғамдық кеңесінің төрағасы                                       Г. Алтынбекова

Семей қаласының

Қоғамдық кеңесінің хатшысы                                                  К. Сеильханов

Дата публикации
13 ноября 2025