2025 жылғы 5 қарашадағы
Семей қаласы Қоғамдық кеңесі
Президиумының шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
1.1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес әзірленген және азаматтардан, ұйымдар мен өзге де мүдделі тұлғалардан Семей қаласының Қоғамдық кеңесіне (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) келіп түсетін өтініштерді қабылдау, тіркеу және қарау тетігін айқындайды.
1.2. Қоғамдық кеңес өтініштерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде қарайды.
1.3. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық институттардың қызметіне қатысты, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар мәселелер жөніндегі ұсыныстарды, ескертпелер мен шағымдарды қамтитын өтініштер міндетті түрде қарауға жатады.
2.1. Өтініштер жазбаша немесе электрондық түрде түсуі мүмкін.
2.2. Барлық өтініштер келіп түскен хат-хабарларды тіркеу журналына немесе электрондық іс жүргізу жүйесіне міндетті түрде тіркеледі.
2.3. Өтініште өтініш берушінің тегі, аты (болған жағдайда – әкесінің аты), мекенжайы және өтініштің мәні көрсетілуі тиіс.
2.4. Анонимді өтініштер қарауға жатпайды.
3.1. Тіркеуден кейін өтініш алдын ала талдау жүргізу үшін Қоғамдық кеңестің хатшысына беріледі.
3.2. Егер мәселе Қоғамдық кеңестің құзыретіне жатса, өтініш тиісті комиссияға немесе жұмыс тобына зерделеу үшін жіберіледі.
3.3. Егер мәселе Қоғамдық кеңестің құзыретіне кірмесе, өтініш бес жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органға жолданады және өтініш берушіге бұл туралы хабарланады.
4.1. Қоғамдық кеңестің комиссиясы өтінішті қарайды, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қосымша ақпарат сұрата алады, өтініш берушіні немесе мүдделі тұлғаларды шақыра алады.
4.2. Қарау қорытындысы бойынша комиссия қорытынды немесе ұсыным дайындайды және оны бекіту үшін Қоғамдық кеңестің отырысына шығарады.
5.1. Өтініш бойынша шешім Қоғамдық кеңестің отырысында қабылданып, хаттамамен рәсімделеді.
5.2. Қарау нәтижесі бойынша өтініш берушіге өтініш тіркелген күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша жауап жолданады.
5.3. Жауапқа Қоғамдық кеңестің төрағасы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
6.1. Өтініштерді қарау тәртібін сақтау мен мерзімдерінің орындалуын бақылау Қоғамдық кеңестің хатшысына жүктеледі.
6.2. Қаралған өтініштер туралы ақпарат Қоғамдық кеңестің жылдық есебіне енгізіледі.
Семей қаласының
Қоғамдық кеңесінің төрағасы Г. Алтынбекова
Семей қаласының
Қоғамдық кеңесінің хатшысы К.Сейльханов