Семей қаласының Қоғамдық
кеңесінің Президиумның отырысының
2025 жылғы 5 қарашадағы шешімімен
БЕКІТІЛДІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА
ӘКІМДІКТІҢ ҚАУЛЫ ЖОБАСЫН ҚАРАУ ТӘРТІБІ
1. Жалпы ережелер
- Осы Тәртіп Семей қаласының әкімдігінің қаулы жобаларын Қоғамдық кеңестің отырыстарында қарау тәртібін айқындайды.
2. Қаулы жобаларын қарау процесі жергілікті атқарушы органдардың шешімдерін қабылдау кезінде ашықтықты, жариялылықты және қоғам пікірін ескеруді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
3. Осы Тәртіптің құқықтық негізі болып табылады:
- «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңестер қызметінің Үлгілік қағидалары (өзгерістері мен толықтыруларымен).
2. Жобаны қабылдау және тіркеу
- Әкімдік қаулысының жобасы Қоғамдық кеңестің хатшылығына (жауапты хатшыға) қала әкімі немесе уәкілетті тұлға қол қойған ресми хатпен жолданады.
5. Қаулы жобасына қоса беріледі:
1) түсіндірме жазба;
2) қоғамдық талқылау нәтижелері туралы ақпарат (бар болған жағдайда);
3) қаулы жобасының мәтіні және тиісті қосымшалар.
6. Жауапты хатшы келіп түскен жобаны тіркеп, оны төраға мен тиісті комиссия мүшелерінің қарауына ұсынады.
3. Алдын ала қарау
- Қаулы жобасын алдын ала қарауды Қоғамдық кеңестің салалық профильдік) комиссиясы жүзеге асырады.
8.Комиссия мыналарды талдайды:
- жобаның қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін;
- азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне әсерін;
- ұсынылған шешімдердің негізділігін;
- қоғамдық талқылау нәтижелерін.
9. Қарау қорытындысы бойынша комиссия мынадай ұсынымдардың бірін әзірлейді:
1) жобаны ескертусіз келісу;
2) ескертулер мен ұсыныстармен келісу;
3) жобаны қабылдамау.
4. Қоғамдық кеңес отырысында қарау
- Қаулы жобасы Қоғамдық кеңес төрағасының немесе тиісті комиссияның ұсынысы бойынша кеңестің отырысының күн тәртібіне енгізіледі.
11. Отырыста әкімдік өкілдері, жоба әзірлеушілері, мүдделі мемлекеттік органдар, сарапшылар және жұртшылық өкілдері қатыса алады.
12. Жобаны әкімдік өкілі таныстырады, содан кейін комиссияның қорытындысы тыңдалады.
13. Кеңес мүшелері талқылауға қатысып, ұсыныстар енгізеді.
5. Шешім қабылдау
- Талқылау нәтижесінде Қоғамдық кеңес мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) әкімдік қаулысының жобасын келісу;
2) ескертулер мен ұсыныстармен келісу;
3) әкімдік қаулысының жобасын қабылдамау.
15. Шешім отырыс хаттамасында рәсімделеді және оны төраға мен жауапты хатшы қол қояды.
16. Қоғамдық кеңестің қорытындысы әкімдікке отырыс өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жолданады.
6. Қорытынды ережелер
- Қоғамдық кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады, алайда әкімдік қаулыны қабылдау кезінде Кеңестен түскен ескертулер мен ұсыныстарды қарауға міндетті.
18. Осы Тәртіп Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің ресми парақшасында орналастырылады.
Семей қаласы
Қоғамдық кеңесінің төрағасы Г. Алтынбекова
Семей қаласы
Қоғамдық кеңесінің төрағасы К.Сеильханов