Семей қаласының Қоғамдық кеңесі
Президимум отырысының
2025 жылғы «17» қарашадағы шешімімен
БЕКІТІЛДІ
Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің қоғамдық мониторинг жүргізу тәртібі
1.1. Осы Тәртіп Семей қаласы аумағында құрылысы немесе жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмаған нысандар бойынша қоғамдық мониторинг жүргізудің мақсаттарын, міндеттерін, ұйымдастыру тәртібін және тетігін айқындайды.
1.2. Қоғамдық мониторинг Семей қаласының Қоғамдық кеңесімен мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың іске асырылу барысын ашықтық, айқындық және қоғамдық бақылау қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
1.3. Мониторинг Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
2.1. Қоғамдық мониторингтің мақсаты – бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын нысандардағы құрылыс және жөндеу жұмыстарының жай-күйі туралы объективті ақпарат алу.
2.2. Мониторингтің негізгі міндеттері:
3.1. Қоғамдық мониторинг жүргізу туралы шешім Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысында қабылданады.
3.2. Мониторинг жүргізу үшін Қоғамдық кеңес мүшелерінен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен, қоғамдық бірлестіктер мен тәуелсіз сарапшылардан тұратын жұмыс тобы құрылады.
3.3. Семей қаласының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мерзімдері бұзылған немесе дайындық деңгейі төмен нысандардың тізімін жұмыс тобына ұсынады.
3.4. Жұмыс тобы тексерілетін нысандардың тізімін және шығу кестесін бекітеді.
4.1. Жұмыс тобы нысандарға барады, тапсырыс беруші, мердігер ұйым және техникалық қадағалау өкілдерімен кездесулер өткізеді.
4.2. Мониторинг барысында нысандардың жағдайы фото және бейне материалдар арқылы тіркеледі, орындалған жұмыстар мен мерзімдердің нақты көлемі айқындалады.
4.3. Анықталған барлық фактілер мен ескертпелер қоғамдық мониторинг актісінде көрсетіледі және ол жұмыс тобының мүшелерімен қол қойылады.
5.1. Мониторинг қорытындысы бойынша жұмыс тобы келесі мәліметтерді қамтитын жиынтық есеп дайындайды:
5.2. Жиынтық есеп Семей қаласының Қоғамдық кеңесі отырысында қаралады және талқыланады.
5.3. Қоғамдық кеңестің шешімдері мен ұсынымдары Семей қаласының әкімдігіне, тиісті мемлекеттік органдарға жолданады және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
6.1. Осы Тәртіптің орындалуын бақылау Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасына жүктеледі.
6.2. Осы Тәртіп Семей қаласының Қоғамдық кеңесі Президиум отырысының шешімімен бекітілген күнінен бастап күшіне енеді.
Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Г.Алтынбекова
Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы К.Сейльханов