Семей қаласы Қоғамдық кеңесі Президиумы отырысының № 1 ХАТТАМАСЫ

Семей қаласы Қоғамдық кеңесі Президиумы отырысының

№ 1 ХАТТАМАСЫ

 

Семей қаласы                                                         2025 жылғы 5 қараша
Мәңгілік Ел көшесі, 4 үй,

102-кабинет                              17:00 сағат
Төрағалық етті: Алтынбекова Г.К., Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
Хатшы: Сейлханов К.М., Қоғамдық кеңестің хатшысы.      
Қатысқандар: Президиум мүшелері – Оразғалиева А.К., Төлеуов К.М., Қасенов Б.Ж., Өтелбаев А.Х., Халин В.Н., Нусупбаева С.К.
КҮН ТӘРТІБІ:

  1. 2026 жылға арналған Семей қаласы Абай облысының Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспары жобасы туралы.
  2. Құрылыс және жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмаған нысандарға қоғамдық мониторинг жүргізу тәртібін бекіту туралы.
  3. Семей қаласы әкімдігінің «2024–2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасын қарау туралы.

4.Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің 2025жылға арналған іс номенклатурасын келісу туралы.

5.2026 жылға арналған Семей қаласы Қоғамдық кеңесі мүшелерінің азаматтарды қабылдау кестесін бекіту туралы.

6.Семей қаласының Қоғамдық кеңесі отырысында әкімдік қаулысы жобасын қарау тәртібін бекіту туралы.

7.2025 жылғы 3 қарашадағы азаматша Степанова С.Ю.-дің жазбаша өтінішін алдын ала қарау туралы.

  1. ТЫҢДАЛДЫ:

Алтынбекова Г.К. – 2026 жылға арналған Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспары жобасы туралы баяндады. Комиссия төрағаларына ұсыныстарды жинақтап, алдын ала нұсқасын дайындауды ұсынды.

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ: Комиссия төрағалары ұсыныстарды талқылап, 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізсін. Дайын жобаны 2025 жылғы қараша айында өтетін Қоғамдық кеңес отырысына ұсыну бойынша шешім қабылдады.

Шешім бірауыздан қабылданды.

  1. ТЫҢДАЛДЫ: Алтынбекова Г.К. – құрылыс және жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталмаған нысандарға қоғамдық мониторинг жүргізу тәртібі жобасын ұсынды. Аталған құжат қоғамдық бақылауды күшейту, мемлекеттік жобалардың ашықтығын қамтамасыз ету және кешігудің себептерін дер кезінде анықтау мақсатында әзірленгендігін ескертіп шешім қабылдауды ұсынды.

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
1. Құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталмаған нысандарға қоғамдық мониторинг жүргізу тәртібін бекіту.
2. Құжатты Семей қаласы мәслихатының сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Шешім бірауыздан қабылданды.

  1. ТЫҢДАЛДЫ: Алтынбекова Г.К. – Семей қаласы әкімдігінің «2024–2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы қайта қарауға түскенін хабарлады. «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес, Қоғамдық кеңес мүшелері жобаны талқылауға қабылдауға немесе қабылдамауға құқылы. Алайды маңыздылығына байланысты бағдарламаны талқылауды ұсынды.

ТАЛҚЫЛАП, ШЕШТІ:

  1. Қаралып отырған мәселе Қоғамдық кеңестің жалпы отырысының құзыретіне жататындығы ескеріліп,«Семей қаласының 2024–2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы» Семей қаласы әкімдігінің қаулысы жобасын Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің жалпы отырысында қарауға ұсынылды.
  2. Қоғамдық кеңес хатшысына осы мәселені алдағы отырыстың күн тәртібіне енгізу тапсылылды

Шешім бірауыздан қабылданды.

  1. ТЫҢДАЛДЫ: Алтынбекова Г.К.- 2025 жылға арналған Қоғамдық кеңестің іс номенклатурасын бекіту қажеттілігі туралы баяндады.

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:    
 1. Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған іс номенклатурасын бекіту.

  1. Құжаттарды бекітілген іс номенклатурасына сәйкес ресімдеу.

Шешім бірауыздан қабылданды.

  1. ТЫҢДАЛДЫ: Алтынбекова Г.К. – 2026 жылға арналған азаматтарды қабылдау кестесін бекіту қажеттілігі туралы баяндады.

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
1. 2026 жылға арналған Семей қаласы Қоғамдық кеңесі мүшелерінің азаматтарды қабылдау кестесін бекіту.    
2. Кестені бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Шешім бірауыздан қабылданды.

  1. ТЫҢДАЛДЫ: Алтынбекова Г.К. — Семей қаласының Қоғамдық кеңесі отырысында әкімдік қаулысы жобасын қарау тәртібін бекітудің қажеттілігін атап өтті, себебі бұл құжат Қоғамдық кеңеске Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптарына сәйкес келіп түсетін нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарау кезіндегі іс-қимылдардың реттілігін, мерзімдерін және рәсімін реттейді.

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған «Семей қаласының Қоғамдық кеңесі отырысында әкімдік қаулысы жобасын қарау тәртібін» бекіту.
  2. Осы шешімнің орындалуын Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасына жүктеу.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Шешім бірауыздан қабылданды.

  1. ТЫҢДАЛДЫ: Алтынбекова Г.К. – хабарлады, Семей қаласының Қоғамдық кеңесіне жеке тұлға Степанова С.Ю.-ден Семей қаласының балалар инфекциялық ауруханасындағы тамақтану сапасына қатысты жазбаша өтініш келіп түсті.

    Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне қоғамдық мониторинг жүргізуге, сондай-ақ өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін қарауға құқылы. Осыған байланысты пікір айтуды ұсынды.

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

  1. Аталған өтінішті белгіленген тәртіппен қарау үшін уәкілетті органға жолдау туралы шешім.

Шешім бірауыздан қабылданды.

 

Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы                            Г. Алтынбекова

Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы                            К. Сейльханов

 

Дата публикации
06 ноября 2025