Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің 2025 жылғы қараша–желтоқсан айларына арналған жұмыс жоспары

                                                                                                                                                                                                                                                                 Семей қаласының                                                                                                           Қоғамдық кеңесінің                                                                                                     төрағасымен бекітілген                                                                        Г. Алтынбекова

 Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің 2025 жылғы қараша–желтоқсан айларына арналған жұмыс жоспары 

№

Іс-шараның атауы

Мерзімі

Семей қаласы Қоғамдық кеңесі жауапты комиссиялары

  1. Мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижелері туралы есептерді тыңдау

1.1

Денсаулық сақтау және білім беру салаларының мекемелері басшыларының тамақтануды ұйымдастыру мәселесі жөніндегі есебін кәсіпкерлер палатасының, Денсаулық сақтау басқармасының және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті  өкілдерінің қатысуымен тыңдау.

қараша

Экономикалық саясат, кәсіпкерлікті дамыту, заңдылық және құқықтық тәртіп саласында азаматтық-құқықтық қатынастарды қорғау жөніндегі комиссия,және әлеуметтік саясат саласында азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру жөніндегі комиссия.

1.2

Абай облысы Семей қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымында қаланың тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі есебін тыңдау

қараша

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және экология мәселелері жөніндегі комиссия.

1.3

Халыққа медициналық қызмет көрсетуге бағытталған қаражаттың пайдаланылуы туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебін Денсаулық сақтау басқармасының және Семей қаласының емханаларының бас дәрігерлерінің қатысуымен тыңдау

желтоқсан

Экономикалық саясат, кәсіпкерлікті дамыту, заңдылық және құқықтық тәртіп саласында азаматтық-құқықтық қатынастарды қорғау жөніндегі комиссия

2. Қоғамдық тыңдаулар

2.1

Пәтер иелеріне үйлерді берудің, мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) тіркеудің және жауапты адамды (төрағаны) сайлаудың проблемалық мәселелері туралы

желтоқсан

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және экология мәселелері жөніндегі комиссия.

3. Қоғамдық мониторинг

3.1

Құрылысы мен жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмаған нысандарға мониторинг жүргізу

желтоқсан

Бюджет, экономика және қаржы мәселелері жөніндегі комиссия және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және экология мәселелері жөніндегі комиссия.

4. Қоғамдық сараптама

4.1

 Абай облысы Семей қаласының Қоғамдық кеңесіне келіп түсетін материалдарды қоғамдық сараптама жүргізу үшін қарастыру

түсуіне қарай

барлық комиссиялар

5. Қоғамдық кеңес отырыстары

5.1

Семей қаласы әкімдігі мен мәслихатының шешім жобаларын қарастыру

қажеттілігіне қарай

барлық комиссиялар

5.2

 Абай облысы Семей қаласының мәслихатының «2026–2028 жылдарға арналған Семей қаласының бюджеті туралы» шешім жобасын қарастыру

желтоқсан

барлық комиссиялар

6. Қоғамдық сипаттағы іс-шаралар

6.1

Семей қаласының Қоғамдық кеңесі мүшелерінің облыстық мәслихаттың сессияларына және тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысуы

қараша-желтоқсан

барлық комиссиялар

6.2

Қоғамдық маңызы бар іс-шаралар мәселелері бойынша Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің Абай облысының және облыс аудандарының Қоғамдық кеңестерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру

қараша-желтоқсан

келісім бойынша

6.3

Семей қаласының Қоғамдық кеңесі мүшелерінің қоғамдық маңызы бар іс-шараларға қатысуы

қараша-желтоқсан

барлық комиссиялар

7. Ақпараттық және талдаулық жұмыс

7.1

Абай облысындағы Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің қызметі туралы есепті дайындау

желтоқсан

 

барлық комиссиялар

7.2

Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің қызметін Семей қаласы мәслихатының сайтында, әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

тұрақты

барлық комиссиялар

7.3

Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің қызметін жариялау мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға мониторинг жүргізу

тұрақты

Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшы.

7.4

Семей қаласының Қоғамдық кеңесі мүшелерінің Кеңес жүктеген функциялары мен тапсырмаларын орындау жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізу.

тұрақты

Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшы.

 

 

                             

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 октября 2025