Абай облысы Семей қаласы Қоғамдық кеңесі отырысының
№ 2 хаттамасы
Семей қ.,
Абай көшесі 97, 2025 жылғы 17 қазан,
мәжіліс залы, 8-қабат сағат 16:00
Төрағалық етті: Тулеуов К.М., Абай облысы Семей қаласы Қоғамдық кеңесі төрағасының міндетін атқарушы.
Отырыс хатшысы: Сейлханов К., Абай облысы Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы.
Қатысқандар: Абай облысы Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, Мемлекеттік органның уәкілетті өкілі.
Кеңес мүшелерінің жалпы саны: 21; қатысқандар: 15 (13 офлайн, 2 онлайн телефон арқылы); дәлелді себептермен болмағандар: 6 (тізім қоса беріледі).
КҮН ТӘРТІБІ
- Абай облысы Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасын сайлау.
- Абай облысы Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің комиссияларын құру.
- Абай облысы Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің комиссиялары құрамын бекіту.
- Абай облысы Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің комиссиялары төрағаларын сайлау.
- Абай облысы Семей қаласы Қоғамдық кеңесі төралқасының құрамын сайлау.
- Абай облысы Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің «Семей қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже» мен регламентін бекіту.
- Абай облысы Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.
- Семей қаласының коммуналдық қалдықтарды басқарудың 2024–2028 жылдарға арналған бағдарламасына өзгерістер енгізу мәселесін қарау.
- Абай облысы Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасын сайлау
Тулеуов К.М. Қоғамдық кеңес төрағасын ашық дауыс беру арқылы сайлауды ұсынды. Кандидаттар:
- Алтынбекова Гүлжан Қайырханова;
- Тулеуов Каныш Максутұлы;
- Оразгалиева Арайлым Канатовна (өз еркімен бас тартты).
Дауыс беру нәтижесі:
- Алтынбекова Г.К. үшін: ҚОЛДАДЫ – 6; ҚАРСЫ – 0; ҚАЛЫС – 7;
- Тулеуов К.М. үшін: ҚОЛДАДЫ – 5; ҚАРСЫ – 4; ҚАЛЫС – 3;
- Сабитов Е.Т. техникалық себеппен дауыс бермеді.
Қорытынды: көпшілік дауыспен Абай облысы Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып Алтынбекова Гүлжан Қайырханова сайланды.
- Комиссияларды құру
Қоғамдық кеңес мүшелеріне төрт тұрақты комиссия құру ұсынылды:
- Бюджет, экономика және қаржы мәселелері жөніндегі комиссия;
- Әлеуметтік саясат саласындағы азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру комиссиясы;
- Экономикалық саясат, кәсіпкерлікті дамыту, заңдылық және құқықтық тәртіп саласындағы азаматтық-құқықтық қатынастарды қорғау комиссиясы;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және экология мәселелері жөніндегі комиссия.
Дауыс беру нәтижесі: бірауыздан төрт комиссия құрылды.
- Комиссия мүшелерін бекіту
Бюджет, экономика және қаржы мәселелері жөніндегі комиссия:
- Оразгалиева А.К.;
- Алтынбекова Г.К.;
- Нусупбаева С.К.;
- Сабырбаев Е.Т.;
- Халин В.Н.
Әлеуметтік саясат саласындағы азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру комиссиясы:
- Тулеуов К.М.;
- Сабитов Е.Т.;
- Кайсенов С.Б.;
- Сыязбекова А.С.;
- Тагиева И.Т.;
- Тұрысбекова Б.А.
Экономикалық саясат, кәсіпкерлікті дамыту, заңдылық және құқықтық тәртіп саласындағы азаматтық-құқықтық қатынастарды қорғау комиссиясы:
- Касенов Б.Ж.;
- Рахматуллина Ф.К.;
- Мусабеков Е.А.;
- Наурызбаев Б.А.;
- Жакиянова Г.Ж.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және экология мәселелері жөніндегі комиссия:
- Утельбаев А.К.;
- Кенесбаев Е.А.;
- Серікболұлы М.;
- Алдынгуров А.А.;
- Жакупов Е.О.
- Комиссия төрағаларын сайлау
- Бюджет, экономика және қаржы мәселелері жөніндегі комиссия – Оразгалиева Арайлым Канатовна;
- Әлеуметтік саясат саласындағы азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру комиссиясы – Тулеуов Каныш Максутұлы;
- Экономикалық саясат, кәсіпкерлікті дамыту, заңдылық және құқықтық тәртіп саласындағы азаматтық-құқықтық қатынастарды қорғау комиссиясы – Касенов Болатбек Жамбырбаев;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және экология мәселелері жөніндегі комиссия – Утельбаев Амантай Хайроллинов.
Қорытынды: комиссия төрағалары бірауыздан сайланды.
- Төралқа құрамын сайлау
Құрамы:
- Қоғамдық кеңес төрағасы;
- Мемлекеттік органның уәкілетті өкілі;
- Комиссия төрағалары;
- Қоғамдық кеңестің жекелеген мүшелері.
Сайланған төралқа:
- Алтынбекова Гүлжан Қайырханова – Қоғамдық кеңес төрағасы;
- Ташыбаева Айжан -Мемлекеттік орган өкілі;
- Оразгалиева Арайлым Канатовна – Бюджет, экономика және қаржы мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы;
- Тулеуов Каныш Максутович – Әлеуметтік саясат комиссиясы төрағасы;
- Касенов Болатбек Жамбырбаевич – Экономикалық саясат комиссиясы төрағасы;
- Утельбаев Амантай Хайроллинович – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комиссиясы төрағасы;
- Нусупбаева Сайра Казоспановна – Қоғамдық кеңес мүшесі.
- Халин Владимир Николаевия– Қоғамдық кеңес мүшесі.
- Ереже мен регламентті бекіту
Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған ереже мен регламентті талқылап, дауыс беру арқылы бекітті.
- 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту
Қоғамдық кеңес төрағасы 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын қарап, әр комиссия төрағасына өз ұсыныстарын енгізуді тапсырды. Комиссиялар бес жұмыс күні ішінде жоспарға ұсыныстар жинап, келесі кеңестің отырысында қарап бекітуді ұсынды.
- Семей қаласының коммуналдық қалдықтарды басқарудың 2024–2028 жылдарға арналған бағдарламасына өзгерістер енгізу мәселесін қарау.
Бағдарлама қаланың әкімшілік-аумақтық бөлінісіндегі өзгерістерді ескере отырып пысықтауға қайтарылды. Елді мекендердің шекаралары, жаңа әкімшілік бірліктер, халық саны мен инфрақұрылым деректері жаңартылуына байланысты өзгерістер енгізілу ұсынылды.
Абай облысы
Семей қаласы
Қоғамдық кеңесінің төрағасы: Г. Алтынбекова
Хатшысы: К. Сейльханов