Семей қаласы Қоғамдық кеңесі
отырысының 2025 жылғы 17 қазандағы шешімімен
БЕКІТІЛДІ
Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің
РЕГЛАМЕНТІ
Жалпы ережелер
1.1. Бұл Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ЗРК «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, Семей қаласының Қоғамдық кеңесі туралы Ережеге сәйкес әзірленіп, Қоғамдық кеңес, Президиум, комиссиялардың отырыстарын өткізу тәртібін, олардағы сұрақтарды енгізу және қарау, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, Қоғамдық кеңестің атқарған жұмысы туралы тұрғындарға есеп беру, тұрақты комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, қала тұрғындарының өтініштерін қарау, жұмыс және сараптамалық топтардың қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ дауыс беру және басқа да процедуралық және ұйымдастырушылық мәселелерді белгілейді.
1.2. Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – ҚК) қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, Семей қаласының Қоғамдық кеңесі туралы Ережеге және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес реттеледі.
2.1. ҚК-нің (жұмыс топтары, комиссиялар, Президиум) отырыстары қажеттілік туындаған кезде өткізіледі, осыған байланысты:
2.2. Келесі кезекті ҚК (Президиум) отырысының күні оны алдындағы отырыста немесе өткізу күнінен 10 күн бұрын белгіленеді.
2.3. Қажет болған жағдайда ҚК (Президиум) қосымша кезекті отырыс өткізе алады.
2.4. ҚК мүшелері отырыстың күнін және күн тәртібін төрағамен және хатшымен келісу арқылы өзгерту бойынша ұсыныстар енгізе алады.
2.5. ҚК отырыстарына БАҚ, мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдары және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуына төраға мен хатшының келісімі бойынша рұқсат етіледі.
2.6. ҚК-ге шақырылған адамдарға отырыс залында арнайы орындар қарастырылады. Шақырылған адамдардың ҚК жұмысына араласуына, тек ұсыныстарын айтуынан басқа, жол берілмейді.
2.7. Шақырылған адам этикалық нормаларды сақтамай, тәртіпті бұзса, оны отырыс залынан төрағаның шешімі немесе отырыстағы қатысушылардың көпшілігінің талабы бойынша шығарып жіберуге болады.
2.8. Қоғамдық кеңес мүшелері айына екі рет азаматтарды қабылдайды.
3.1. Әр кезекті ҚК (комиссиялар, Президиум) отырысында келесі кезекті отырыстың алдын ала күн тәртібі қаралып, әр мәселе бойынша бөлек дауыс беру арқылы бекітіледі. Мәселе күн тәртібіне енгізілген болып саналады, егер ҚК мүшелерінің басым дауысы сол мәселеге «қабылданды» деп дауыс берген болса.
3.2. Келесі кезекті отырыстың алдын ала күн тәртібіне төраға, хатшы және ҚК мүшелері ұсынған мәселелер енгізіледі.
3.3. Қажет болған жағдайда күн тәртібіне дереу шешім қабылдауды қажет ететін мәселелер енгізілуі мүмкін.
3.4. Отырыстың барысында Қоғамдық кеңес органдары бекітілген күн тәртібін қайта қарауы мүмкін.
4.1. Келесі кезекті немесе қосымша отырыстың күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау және шешім қабылдау үшін қажетті материалдар мен құжаттама, әдетте, сәйкес ұсынысты енгізген ҚК мүшелері немесе ҚК Президиумы тарапынан дайындалып, талқылауға ұсынылады.
4.2. ҚК жұмыс органдарының отырыстарында қаралатын материалдардың мазмұны отырыс басталғанға дейін кемінде 3 күн бұрын хатшыға жеткізілуі тиіс.
5.1. ҚК (жұмыс топтары, комиссиялар, Президиум) отырысы мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі (қатысушылар тізімі бойынша).
5.2. Жұмыс органдарының отырыстарында кворум болмауы, қатысушы мүшелер мен басқа адамдардың ресми шешім қабылдамай консультациялар өткізуіне кедергі болмайды.
5.3. ҚК отырыстары ашық болып табылады.
5.4. ҚК жұмыс органдарының отырыстарында төраға отырыстың жұмыс тәртібін, күн тәртібіндегі мәселені талқылауға бөлінетін жалпы уақытты, процедуралық мәселелерді, баяндамаларды, пікірталастарды, сұрақ-жауаптарды қарастыру уақытын белгілей алады; қажет болған жағдайда баяндамашының уақытын ұзартуға құқылы.
5.5. Талқыланып жатқан мәселе бойынша пікірталас белгіленген уақыт біткеннен кейін немесе ҚК органдарының қатысушылардың көпшілігінің дауысымен тоқтатылуы мүмкін.
5.6. Прездиум және ҚК отырыстарының уақыты мен орны, қаралатын мәселелер туралы ақпарат хатшы арқылы ҚК мүшелеріне және Семей қаласының тұрғындарына отырысқа 3 күн қалғанда БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы хабарланады. Жұмыс топтары мен комиссиялардың отырыстарының орны мен уақыты туралы ақпарат топ жетекшілері мен комиссия хатшылары арқылы олардың мүшелеріне жеткізіледі.
6.1. ҚК мүшелерінің ұсынысы бойынша ҚК (жұмыс топтары, комиссиялар, Президиум, жалпы жиналыс) отырыстарына дауыс беру құқығы жоқ, бірақ түсініктеме беруге және ақпарат ұсынуға арналған мемлекеттік органдар, БАҚ, ғылыми, кәсіподақ және басқа ұйымдар өкілдері, сарапшылар және басқа тұлғалар шақырылуы мүмкін.
6.2. Шақыру төраға, хатшы немесе комиссия төрағасы қолымен беріледі және отырысқа бес күн бұрын жіберіледі.
6.3. Шақырылған адамдар қатысатын мәселені қарау және талқылау келесі тәртіпте жүргізіледі:
7.1. ҚК (комиссиялар, Президиум, ҚК отырысы) органдарының процедуралық мәселелер бойынша шешімдері қатысқан мүшелердің көпшілігінің даусымен қабылданады, егер Регламентте басқа тәртіп көрсетілмесе.
7.2. Егер қатысушылардың ешқайсысы қарсылық білдірмесе, процедуралық мәселелер бойынша дауыс берусіз шешім қабылдануы мүмкін.
7.3. Процедуралық мәселелерге мыналар жатады:
8.1. Шешімдер ашық немесе құпия дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкін.
8.2. Дауыс беру сандық, рейтингтік немесе сауалнама әдісімен жүргізілуі мүмкін.
8.3. Сандық дауыс беру – «қолдаймын», «қарсымын», «сақтаймын».
8.4. Рейтингтік дауыс беру – кезектескен сандық дауыс беру; ең көп «қолдаймын» дауыс алған нұсқа қабылданады.
8.5. Қашықтықтан дауыс беру (сауалнама әдісі) отырыс немесе Президиум шешімімен белгіленген мәселелер бойынша мүмкін.
9.1. ҚК (комиссиялар, Президиум, жалпы жиналыс) шешімдері сұраулар, өтініштер, ұсыныстар, қорытындылар, резолюциялар, тапсырмалар түрінде болуы мүмкін.
9.2. ҚК шешімдері:
9.3. Шешімдер қабылданған сәттен бастап күшіне енеді.
9.4. ҚК мүшесі шешімге келіспесе, өз жеке пікірін жазбаша немесе ауызша білдіре алады; жазба протоколға енгізіледі.
9.5. ҚК мүшесі ҚК жалпы ұстанымын білдірместен өз позициясын жария түрде айтып, таныта алады.