Семей қаласы
Қоғамдық кеңесінің
2025 жылғы 17 қазандағы
шешімімен бекітілді
Семей қаласының қоғамдық кеңесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Семей қаласының қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 наурыздағы №112-НҚ бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес әзірленді.
- Семей қаласының қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) консультативтік-кеңесші, байқаушы орган болып табылады.
- Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңын және өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Қоғамдық кеңес қызметінің мақсаты – азаматтық қоғамның қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша пікірін білдіру.
- Қоғамдық кеңестің міндеттері:
- жергілікті деңгейде шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және жұртшылықтың пікірін ескеру;
- жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын дамыту;
- қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.
- Қоғамдық кеңес өз қызметін келесі қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
- тәуелсіздік;
- кеңес мүшелерінің қоғамдық негіздегі қызметі;
- автономия;
- дербестік;
- жариялылық.
2-тарау. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру
Азаматтық қоғамнан Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу
- Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың өкілдері қатарынан қалыптастырылады.
- Жұмыс тобының сандық құрамын Жұмыс тобы мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізілгенге дейін Семей қаласы мәслихатының (бұдан әрі – Мәслихат) төрағасы айқындайды.
- Жұмыс тобының құрамындағы мемлекеттік органнан өкілдік Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспайды. Бұл өкілдіктің жеке құрамын Мәслихат төрағасы дербес айқындайды.
- Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғам өкілдері Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және Ережеде көзделген тәртіппен конкурстық негізде қалыптастырылады.
- Мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің, азаматтардың қатарынан Жұмыс тобының сандық құрамын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, сондай-ақ құжаттар жіберілетін пошта және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды.
- Конкурсты өткізу мерзімі – конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні.
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде мынадай құжаттарды қолма-қол немесе Мәслихаттың электрондық мекенжайына жібереді:
- Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жұмыс тобының құрамына кандидатура ұсыну туралы азаматтың өтініші;
- Жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (бар болса) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
- кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
- соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- психикалық, мінез-құлық, оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты бұзылыстарының (ауруларының) болуы немесе болмауы туралы анықтама.
- Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Мәслихат Жұмыс тобына кандидаттардың тізімін қалыптастырады.
- Кандидаттар тізімін қалыптастыру аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен отырыс өткізіледі. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.
- Жұмыс тобының отырыстарына үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері дауыс беру құқығы жоқ байқаушы ретінде қатыса алады.
- Мәслихат Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізудің хабарландыруымен бір мезгілде бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында байқаушылардың тізімін қалыптастыру туралы хабарландыру жариялайды.
- Байқаушы болуға ниет білдірген адам Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін Мәслихатқа өтініш береді немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаға Ережеге 2-қосымшаға сәйкес өтініш жібереді. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
- үкіметтік емес ұйымның, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органның немесе халықаралық ұйымның жазбаша ұсынысы;
- жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі.
- Жұмыс тобының отырысын өткізу уақыты мен орны туралы Жұмыс тобының мүшелеріне және байқаушыларға отырыс өткізілетінге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын хабарланады.
- Мәслихат Жұмыс тобының отырысын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін қамтамасыз етеді.
- Жұмыс тобының бірінші отырысын Мәслихат төрағасы өткізеді, ал кейінгі отырыстарды Жұмыс тобының басшысы өткізеді.
- Жұмыс тобының құрамына мүшелерді іріктеу – азаматтық қоғам өкілдерін ашық дауыс беру жолымен жүзеге асырылады. Коммерциялық емес ұйымнан кандидат немесе азамат өз кандидатурасы үшін дауыс беруге қатыспайды.
- Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Жұмыс тобының құрамына сайланды деп есептеледі. Бірдей дауыс саны болған жағдайда Мәслихат төрағасы шешуші дауыс құқығын қолданады.
- Жұмыс тобының құрамын Мәслихат төрағасы бекітеді.
2-тарау. Азаматтық қоғамнан Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын өткізу тәртібі
- Жұмыс тобының бірінші отырысында:
- Жұмыс тобының басшысы сайланады;
- Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы айқындалады.
- Жұмыс тобының басшысы азаматтық қоғам өкілдерінің арасынан дауыс беруге қатысқан Жұмыс тобы мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады.
- Жұмыс тобы мыналарды жүзеге асырады:
- Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы халықты хабардар етеді;
- Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;
- Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін жүргізеді;
- Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімін қалыптастырады;
- Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын әзірлейді.
- Жұмыс тобының отырысы Жұмыс тобының басшысын ескере отырып, оған Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды деп есептеледі.
- Жұмыс тобының шешімі Мәслихаттың ресми интернет-ресурсында отырыс аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жарияланады.
- Жұмыс тобының отырысында хаттаманы Жұмыс тобының басшысы айқындайтын Жұмыс тобының мүшесі жүргізеді, хаттаманы Жұмыс тобының басшысы қол қояды.
- 26. Жұмыс тобының және оның басшысының өкілеттігі Қоғамдық кеңес бекіткен Қоғамдық кеңес туралы ережені және Ережеде көзделген Жұмыс тобының басқа да функцияларын орындағаннан кейін тоқтатылады.
- Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімі және құрамын қалыптастыру тәртібі
- Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.
- Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдар өкілдерінен және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың өкілдерінен тұратын Жұмыс тобынан қалыптасады.
- Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар тарапынан, соның ішінде өзін-өзі ұсыну арқылы қалыптасады.
- Қоғамдық кеңестердің жаңа құрамын қалыптастыру рәсімі Заңның 8 және 9-баптарында белгіленген тәртіпке сәйкес, Қоғамдық кеңестің қолданыстағы құрамының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын басталады.
- Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырады.
- Хабарландыруда келесі мәліметтер көрсетіледі:
- жергілікті өкілді органның атауы;
- Заңның 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес құжаттар жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайлар, құжаттар жіберу мерзімдері, конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі және кандидаттарға қойылатын талаптар;
- мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар өкілдерінен тұратын Қоғамдық кеңестің сандық құрамы.
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды хабарландыруда көрсетілген мекенжайға жіберіп, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар бойынша ұсыныстар береді.
- Жұмыс тобы құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде отырыс өткізіп, кандидаттардың құжаттарын талқылайды, әр кандидатпен әңгімелесуді өткізеді және әр кандидат бойынша ашық дауыс береді.
- Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңестің құрамына сайланған деп есептеледі. Бірдей дауыс саны болған жағдайда Жұмыс тобының басшысы шешуші дауыс құқығын өзіне қалдырады.
- Қоғамдық кеңестің қазіргі мүшелері конкурсқа қатысу үшін Заңның 10-бабында көзделген жалпы негіздер бойынша өтініш береді.
- Мемлекеттік органның өкілетті өкілі Қоғамдық кеңеске Мәслихат төрағасының конкурсты өткізбей бекітуі арқылы тағайындалады.
- Қоғамдық кеңестің қалыптасқан құрамын Мәслихат төрағасы бекітеді және бұл туралы ақпарат үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және (немесе) Мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылады.
- Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттігін тоқтату Заңның 15-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік орган атынан өкілдік ететін мүшенің өкілеттігі тоқтатылғанда, оның орнына жаңа мүшені қосу туралы шешімді Мәслихат төрағасы қабылдайды.
- Азаматтық қоғам өкілінің өкілеттігі тоқтатылғанда, оның орнына жаңа мүшені қосу туралы шешімді Қоғамдық кеңес резервтік тізімнен келесі кандидатты іріктеу немесе қосымша конкурс өткізу арқылы қабылдайды.
- Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелері қалған өкілеттік мерзімге сайланады.
- Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімін қалыптастыру және резервтік тізімнен іріктеу
- Қоғамдық кеңестің мүшелері шығып қалған жағдайда резервтік тізімнен кандидаттарды іріктеу жүргізіледі. Резервтік тізімге Жұмыс тобының шешімімен әңгімелесуге қатысқан, бірақ ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес құрамына кірмеген азаматтық қоғам өкілдері енгізіледі.
- Резервтік тізімге енгізу кезектілік тәртібі бойынша жүзеге асырылады.
- Жұмыс тобының өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін резервтік тізімнен кандидаттарды іріктеу Қоғамдық кеңес арқылы жүргізіледі. Әрбір үміткер өз еркімен жазбаша өтініш арқылы резервтік тізімнен шығуы мүмкін.
- Резервтік тізімде кандидат жоқ немесе кандидат мүше болудан бас тартқан жағдайда Қоғамдық кеңес қосымша конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды. Жаңа мүшелерді Мәслихат төрағасы бекітіп, бұл ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және (немесе) мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылады.
- Қосымша конкурс өткізу тәртібі
- Қоғамдық кеңес қосымша конкурс өткізу үшін хабарландыру жариялайды және (немесе) Мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырады.
- Хабарландыруда келесі мәліметтер көрсетіледі:
- жергілікті өкілді органның атауы;
- Заңның 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес құжаттар жіберілетін мекенжайлар, құжаттарды жіберу мерзімдері, конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі және кандидаттарға қойылатын талаптар;
- мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар өкілдерінен тұратын Қоғамдық кеңестің сандық құрамы.
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды жіберіп, ұсыныстар береді.
50. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде отырыс өткізіліп, кандидаттардың құжаттары талқыланады және әр кандидат бойынша ашық дауыс беріледі. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңестің құрамына сайланған деп есептеледі. Бірдей дауыс саны болған жағдайда шешуші дауыс Қоғамдық кеңес төрағасында болады. 6-тарау. Қоғамдық кеңестің жұмыс органдарын ұйымдастыру
- Қоғамдық кеңес тұрақты және (немесе) уақытша жұмыс органдарын — комитеттерді, сараптамалық топтарды құрады.
- Қоғамдық кеңес тұрақты жұмыс органдары — комитеттерді құрады. Комитеттердің сандық құрамын Қоғамдық кеңес дербес айқындайды, бұл ретте әр комитеттің құрамы кемінде үш адамды құрайды.
- Комитеттер Қоғамдық кеңестің құзыретіне жататын тиісті саланың немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қоғамдық маңызды мәселелерін зерделеу үшін Қоғамдық кеңестің шешімімен құрылады.
- Комитеттердің құрамына Қоғамдық кеңес мүшелері, коммерциялық емес ұйымдардың, ғылыми, кәсіподақ және басқа ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, сондай-ақ сарапшылардың өкілдері кіреді. Құрамды Қоғамдық кеңес айқындайды және өзінің отырысында бекітеді.
- Комитеттердің қызметі Қоғамдық кеңестің шешімімен тоқтатылады.
- Қоғамдық кеңес уақытша жұмыс органдарын — сараптамалық топтарды құрады. Олар Қоғамдық кеңестің құзыретіне жататын тиісті саланың немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты мәселелерін зерделеу үшін Қоғамдық кеңестің шешімімен құрылады.
- Сараптамалық топтардың құрамына Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, ғылыми, кәсіподақ және мүдделі ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ сарапшылар кіреді.
- Қоғамдық кеңестің сараптамалық топтары:
- Зерттелетін мәселелер жөніндегі материалдармен алдын ала танысады және қарау қорытындылары бойынша мәселелерді оның бағытына сәйкес Қоғамдық кеңес комиссиясының отырысына дайындайды.
- Зерттелетін мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылардың жобаларын әзірлейді және оларды Қоғамдық кеңес комиссиясының қарауына ұсынады.
- Нақты мәселе жөніндегі материалдарды зерделеу қорытындысы бойынша сараптамалық топ қорытынды жасайды және оны Қоғамдық кеңестің тиісті комиссиясына қарау үшін жібереді. Зерттелетін мәселелер жөніндегі сараптамалық топтың қорытынды материалдары Қоғамдық кеңес комиссиясы арқылы қаралады.
- Қоғамдық кеңестің құрылған құрамының бірінші отырысында ашық дауыс беру арқылы:
- Қоғамдық кеңестің төрағасы,
- Төралқа құрамы,
- Қоғамдық кеңес комиссиясының құрамы
жай көпшілік даусымен сайланады.
- Төралқаның төрағасы мен мүшелері Қоғамдық кеңес мүшелерінің арасынан, азаматтық қоғам өкілдері арасынан сайланады.
- Төралқа мүшелерінің санын Қоғамдық кеңес дербес айқындайды.
- Қоғамдық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін Қоғамдық кеңес төралқасының бір мүшесі атқарады.
- Қоғамдық кеңес төрағасының өкілеттігі жаңа төраға сайланғанға дейін тоқтатылған жағдайда оның өкілеттігі Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша төралқа мүшелерінің біріне беріледі.
7-тарау. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және оның төралқасының өкілеттіктері
- Қоғамдық кеңестің құрылған құрамының бірінші отырысында ашық дауыс беру арқылы:
- Қоғамдық кеңестің төрағасы,
- Төралқа құрамы,
- Қоғамдық кеңес комиссиясының құрамы
жай көпшілік даусымен сайланады.
- Төралқаның төрағасы мен мүшелері Қоғамдық кеңес мүшелерінің арасынан, азаматтық қоғам өкілдері арасынан сайланады.
- Төралқа мүшелерінің санын Қоғамдық кеңес дербес айқындайды.
- Қоғамдық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін Қоғамдық кеңес төралқасының бір мүшесі атқарады.
- Қоғамдық кеңес төрағасының өкілеттігі жаңа төраға сайланғанға дейін тоқтатылған жағдайда оның өкілеттігі Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша төралқа мүшелерінің біріне беріледі.
- Қоғамдық кеңес өз қызметін ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Жұмыс жоспарлары Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде жасалады және Қоғамдық кеңес туралы ережеге сәйкес Қоғамдық кеңестің отырысында бекітіледі.
- Заңның 5-бабының 1-тармағында және 5-1-бабының 1-тармағында көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін Қоғамдық кеңестер отырыстар өткізеді.
Қоғамдық кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша, бірақ тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі.
- Қоғамдық кеңестің отырыстарына мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіподақ және басқа ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылады.
- Мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес Заңның 5-бабының 2-тармағында және 5-1-бабының 2-тармағында көзделген мерзімдерде мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарауы және шешімдер қабылдауы үшін міндетті ұсынымдарды қабылдайды.
- Қоғамдық кеңес жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган жіберген азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын алған сәттен бастап Қоғамдық кеңестің хатшысы ұсыныстар енгізу үшін бір жұмыс күні ішінде оны Қоғамдық кеңес мүшелеріне қағаз немесе электрондық жеткізгіш арқылы жіберуді ұйымдастырады.
- Қоғамдық кеңестің мүшелері екі жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің жобасын қарайды және нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау немесе қараусыз қалдыру жөнінде қабылданған шешім туралы Қоғамдық кеңестің хатшысын хабардар етеді.
- Қоғамдық кеңестің хатшысы түпкілікті шешім қабылдау үшін Қоғамдық кеңес мүшелерінен келіп түскен ұсыныстарды Қоғамдық кеңес төрағасының қарауына енгізеді.
- Нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау немесе қараусыз қалдыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің шешімі Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Қоғамдық кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
- Қоғамдық кеңес шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Қоғамдық кеңестің хатшысы Орталық мемлекеттік органдарды, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы органдарды қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
- Қоғамдық кеңес нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау туралы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оны мүшелер қатысуымен Қоғамдық кеңестің отырысына қарау үшін енгізеді.
- Нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау қорытындысы бойынша шешім Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Қоғамдық кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
- Дауыс беру қорытындылары негізінде Қоғамдық кеңестің хатшысы қаралып отырған нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Қоғамдық кеңестің ұсынымдарының жобасын дайындайды және оны Қоғамдық кеңестің төрағасына қол қоюға ұсынады.
- Жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган қағаз немесе электрондық жеткізгіш арқылы жіберген нормативтік құқықтық актінің жобасына әзірленген Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңестің төрағасы қол қойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жібереді.
- Заңның 5-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Қоғамдық кеңестер мемлекеттік орган қызметінің тиісті саласындағы қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
- Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
- Құзыреті бойынша тиісті мемлекеттік органға немесе жергілікті мемлекеттік басқару органына өтінішті жіберу;
- Осы өтінішті Қоғамдық кеңестің отырысында қарау;
- Келіп түскен өтінішті қарау бойынша қоғамдық бақылау нысандарының бірін жүргізу.
- Қоғамдық кеңестің хатшысы заңнамада көзделген мерзімдерде өтініш берушіге дайындалған жауапты жібереді.
- Өз өкілеттігі шеңберінде Қоғамдық кеңестің төрағасы:
- Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;
- Отырыстарда төрағалық етеді;
- Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;
- Ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз ету, Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау және өткізу, Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастыру мақсатында Қоғамдық кеңестің хатшысы:
- Отырыстарды дайындау мен өткізу бойынша ұйымдастырушылық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді;
- Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және өткізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдерін бақылайды.
- Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңестің мүшесі болып табылмайды.