«Абай облысы Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы №28/157-VІII шешімімен

БЕКІТІЛГЕН

«Абай облысы Семей қаласы мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

Осы ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне және мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік билік міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін орындау жөніндегі қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленген.

1-Тарау. Жалпы ережелер

  1. Абай облысы Семей қаласы мәслихатының аппараты  мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
  2. Абай  облысы Семей қаласы мәслихатының аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік –құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Абай облысы Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Мәслихат аппараты) құрылтайшысы Семей қаласы мәслихатының атынан мемлекет болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгілеген үлгідегі бланкілері, дербес теңгерімі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоты болады.
  4. Мәслихат аппараты  азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. Мәслихат аппараты, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық –құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 4.
  8. Мемлекеттік органның толық атауы - «Абай облысы Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеме.
  9. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
  10. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  11. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
  12. Мәслихат аппараты мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға мәртебесіне ие болады.

Мәслихат аппаратының қызметі үздіксіз жүзеге асырылады.

  1. Мәслихат аппараты бухгалтерлік есепті жүргізеді және заңнамаға сәйкес есептілік ұсынады.
  2. Мәслихат аппаратының қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді және ревизияны заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.
  3. Мәслихат аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді иемденіп алып, жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.
  4. Мәслихат аппараты өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Аппараттың ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша жергілікті атқарушы орган жауапты болады.
  5. Мәслихат аппараты жасасатын азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тіркелуге жатады.

Шарттық міндеттемелер бойынша мәслихат аппаратының жауапкершілігі заңдарға сәйкес аппаратты ұстауға бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде туындайды.

2-Тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

  1. Мәслихат аппараты Абай облысы Семей қаласы мәслихатының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық, талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
  2. Мәслихат аппараты келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1)  мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссиялардың отырыстарын өткізуге дайындық және ұйымдастыру-техникалық жұмысын оның Регламентіне сәйкес қамтамасыз етеді;

2) сессиялар мен тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша шешімдер жобаларымен және басқа да материалдармен депутаттарды қамтамасыз етеді;

3) мәслихат регламентіне сәйкес сессиялардың хаттамаларын, сессиялардың шешімдерін ресімдейді;

4)  тұрақты комиссиялардың ұсыныстары негізінде қалалық мәслихаттың жұмыс жоспарларын жасайды;

5) депутаттарға мәслихат шешімдерінің, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссиялары қаулыларының және қорытындыларының жобаларын дайындауға көмек көрсетеді;

6) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, консультативтік және әдістемелік көмек көрсетеді, депутаттық сауалдар мен өтініштердің уақытылы қаралуын және іске асырылуын бақылайды;

7)  сессияларда, тұрақты комиссиялардың отырыстарында, сондай-ақ олар өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде депутаттардың айтқан ұсыныстары мен ескертулерін есепке алуды және қорытуды жүргізеді, оларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды бақылайды;

8)  сессиялардың, тұрақты комиссиялардың отырыстарының қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала талқылауды ұйымдастырады;

9) "Құқықтық актілер туралы" ҚР Заңына сәйкес нормативтік құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін ресімдейді және Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге ұсынады;

10) мәслихаттың шешімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға дайындайды; ;

11)  қалалық мәслихаттың шешімдері мен басқа да құжаттарын таратуды қамтамасыз етеді;

12) мәслихат бекіткен сомалар шегінде депутаттары мен мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мәселелерін үйлестіреді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және қалалық мәслихат шешімдерімен өзіне жүктелген басқа да функцияларды орындайды.

Мәслихат аппараты үшін заңнамаға сәйкес қалалық мәслихаттың міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті құқықтар белгіленеді.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші

 басшысының мәртебесі, өкілеттігі

  1. Мәслихат аппараты мәслихат төрағасының тікелей басшылығымен жұмыс істейді.
  2. Мәслихат төрағасы мәслихат аппаратының жұмысын Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, қалалық мәслихаттың Регламентіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады және ұйымдастырады, сондай-ақ оның өз функцияларын орындауына жауапты болады.
  3. Мәслихат төрағасы:

1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) мәслихат аппараты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3)  өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

4) мәслихат аппаратының қаржыландыру жоспарын қалыптастырады және орындайды;

5) мемлекеттік және өзге де ұйымдарда мәслихат аппаратының мүддесін білдіреді;

6) заңдарда белгіленген реттер мен шектерде мүлікке билік етеді;

7) шарттар жасасады;

8) сенімхаттар береді;

9) банк шоттарын ашады;

10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

  1. Мәслихат төрағасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнаулы емес міндет жүктеледі, ол үшін дербес жауапкершілік белгіленеді.
  2. Семей қаласы мәслихаты төрағасының өкілеттіктерін орындау кезінде оны алмастыратын адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.

4-Тарау. Мәслихат аппаратының мүлкі

  1. Мәслихат аппаратының мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны аппараттың балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
  2. Мәслихат аппаратының мүлкі оған жедел басқару құқығымен тиесілі, коммуналдық меншікке жатады.
  3. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-Тарау. Мәслихат аппаратын қайта құру және тарату

  1. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
29 октября 2025