Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
- Қала әкімінің оған жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі туралы;
- Семей қаласының 2024 жылға арналған бюджетінің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
- Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы №14/81-VIII «Абай облысының Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» шешімін іске асыру туралы;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2024 жылы атқарылған және 2025 жылға жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат;
- Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2024 жылы атқарылған және 2025 жылға жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат;
- Семей қаласындағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі туралы;
- Семей қаласында кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға жұмсалатын шығыстардың 2025 жылға арналған ең төмен мөлшерін бекіту туралы;
- «Қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 24 қарашадағы №36/252-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.