Семей қаласы мәслихатының VIII шақырылымының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы 36 сессиясы

Қалалық  мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі  

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде Абай облысы Семей қаласының мәслихаты  ШЕШТІ:

          Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

  1. «Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы  № 16/93–VIII «Семей қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  2. «Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 14/82–VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  3. «Семей қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»;
  4. «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
Дата публикации
16 октября 2025