Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
- 2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңінің қорытындылары және 2024-2025 жылдардағы қысқы жағдайларда жұмысқа дайындық барысы туралы есеп.
- Ішкі саясат бөлімі басшысының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы есебі.
- Семей қаласы бойынша білім бөлімінің 2023 жылы атқарылған және 2024 жылға жоспарланған жұмыстары туралы ақпарат.
- Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы.