Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
- Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2023 жылы атқарылған және 2024 жылға жоспарланған жұмыстары туралы ақпарат.
- Семей қаласының құрылыс бөлімінің 2023 жылы атқарылған және 2024 жылға жоспарланған жұмысы туралы ақпарат.
- Ішкі істер органдарының Семей қаласындағы қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылылықтардың алдын алу, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық және интернет-алаяқтық саласындағы қызметі туралы есеп.
- Абай облысы Семей қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы.
- Қалалық округтік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы.
- «Қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі дербес комиссияның құрамы туралы» Абай облысы Семей қаласының мәслихатының 2022 жылғы 24 қарашадағы № 36/252-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Абай облысы Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.
- «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы».