Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
- «Семей қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 37/265-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 14/82-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.