Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
- Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 16/93–VIII «Семей қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы.