Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
- Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есеп.
- Семей қаласы бюджетінің 2023 жылғы атқарылуы жөніндегі есеп туралы.
- Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2023 жылы атқарылған қалалық қатынаста жолаушыларды тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және 2024 жылы жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2023 жылы атқарылған және 2024 жылға жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат.
- Ауылдық округтер мен кенттер бюджеттерінің 2023 жылғы атқарылуы жөніндегі есептері туралы.
- Семей қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы.
- Абай облысының Семей қаласын басқару схемасы туралы.
- Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің құрамын бекіту туралы.