Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
- «Абай облысы Семей қаласының шекарасын белгілеу бойынша ұсыныс енгізу туралы»;
- «Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №2/17-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
- Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 54/394-VI «Семей қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Семей қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Депутат С.К. Смаков туралы;
- «Семей қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының дербес құрамы туралы» Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1/8-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Семей қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы» Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1/9-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 26/162-VI «Семей қаласының ауылдық округтері мен кенттерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы.