Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
- Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №16/93–VIII «Семей қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Семей қаласы әкімінің 2024 жылы халықпен кездесулерінің икемді жылдық күнтізбесін келісу туралы.
- Семей станциясының № 4 Тарифтік басшылық, 2-кітабы, 1-бөліміне 8 Н және 10 Н тармақтары бойынша «Отбасы Құрылыс» ЖШС кірме жолын ашуға келісім беру туралы.