Семей қаласы мәслихатының VIII шақырылымының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы 16 сессиясы

Семей қаласы мәслихатының кезекті сессиясының күн тәртібі   

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде Абай облысы Семей қаласының мәслихаты  ШЕШТІ:

          Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

  1. Қалалық мәслихаттың атқарылған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есебі.
  2. Семей қаласы мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
  3. Семей қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы.
  4. Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің 2023 жылғы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат.
  5. Семей станциясының № 4 Тарифтік басшылық, 2-кітабы, 1-бөліміне  8Н және 10Н  тармақтары бойынша «Жаңа Семей Шпал Зауыты» АҚ кірме жолын ашуға келісім беру туралы.
  6. Семей станциясының № 4 Тарифтік басшылық, 2-кітабы, 1-бөліміне  8Н және 10Н  тармақтары бойынша «Самарханов А.Г.» ЖК кірме жолын  ашуға келісім беру туралы.
  7. Семей қаласының кенттер және ауылдық округтеріндегі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы.
  8. Семей қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері апараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына 2024 жылға арналған әлеуметтік қолдау  шараларын ұсыну туралы.
  9. 2023 жылғы 16 қаңтардағы №39/275-VII «Бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  10. «Қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  ведомствоаралық  комиссияны құрамы туралы» Абай облысы Семей қаласы мәслихатының  2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

      11.Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 6/44-VIII «Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелеріне тиісті құқықтарды беру бойынша материалдарды қарау жөніндегі жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Дата публикации
13 октября 2025