Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
- Абай облысы Семей қаласының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын бекіту туралы.
- Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
- Семей қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 30/197-VI «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы»» шешімінің күші жойылды деп тану туралы».
- «Абай облысы Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штаттары туралы.