Семей қаласы мәслихатының VIII шақырылымының 2023 жылғы 17 қарашадағы 13 сессиясы

Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі 

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде Абай облысы Семей қаласының мәслихаты  ШЕШТІ:

          Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

  1. Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 38/270 –VII «Ауылдық округтердің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Семей қаласы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерiн бекіту туралы;
  3. Абай облысы Семей қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы;
  4. «Семей қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларын дербес құрамы туралы» Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1/8-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Дата публикации
10 октября 2025