Семей қаласы мәслихатының кезекті сессиясының күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
- Семей қаласында бұқаралық спортты дамыту бойынша дене шынықтыру және спорт бөлімінің жұмысы туралы.
- 2022-2023 жылдардағы жылыту кезеңінің қорытындылары және 2023-2024 жылдардағы қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындық барысы туралы.
- Семей қаласы мен іргелес ауылдық елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру туралы ақпарат.
- Семей қаласында тұрғындарды және инфрақұрылым объектілерін сумен қамтамасыз ету бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жұмысы туралы.
- «Абай облысының Семей қаласын басқару схемасы туралы».
- «Семей қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 37/260-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
- «Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 29 қазандағы № 17/112-VII «Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 5/38-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелеріне тиісті құқықтарды беру бойынша материалдарды қарау жөніндегі жер комиссиясының құрамын өзгерту туралы».
- «Сайлау комиссияларынан шыққандардың орнына жаңадан мүшелер сайлау туралы».