Абай облысы Семей қаласы мәслихатының кезекті сессиясының күн тәртібі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы негізінде Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Абай облысы Семей қаласы мәслихатының кезекті сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
- Семей қаласында тұрғындарды және инфрақұрылым объектілерін сумен қамтамасыз ету бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жұмысы туралы.
- Семей қаласында жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру және дамыту туралы ақпарат.
- Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 63/458-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешімін орындауы туралы есеп.
- «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 23/193-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі дербес комиссияның құрамы туралы» Абай облысы Семей қаласының мәслихатының 2022 жылғы 24 қарашадағы №36/252-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Абай облысы Семей қаласы мәслихат аппаратының құрылымы туралы.
- «Абай облысы Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.
- Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1/7-VIII "Семей қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және олардың сандық құрамы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Сайлау комиссияларынан шыққандардың орнына жаңадан мүшелер сайлау туралы.