Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының негізінде Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
- Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есебі туралы.
- Семей қаласы бюджетінің 2022 жылғы атқарылуы жөніндегі есеп туралы.
- Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2022 жылғы жолдарды жөндеу және абаттандыру жұмыстары және 2023 жылы жоспарланған жұмыстар туралы есебі.
- Ауылдық округтер мен кенттер бюджеттерінің 2022 жылғы атқарылуы жөніндегі есептері туралы.
- Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 38/270-VII «2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтер мен кенттердің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің құрамын бекіту туралы.
- «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.