Абай облысы Семей қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы

Абай   облысы   Семей  қаласы   мәслихатының  

депутаттарын  сайлау жөніндегі бір мандатты

аумақтық сайлау округтері бойынша округтік

сайлау комиссияларының құрамын

 қалыптастыру туралы

 

            «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                                1-тармағына, 22-бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының «Мәслихаттардың сайланатын депутаттарының санын айқындау туралы»                        2022 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысы негізінде Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:   

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес шекараларда Семей қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты 23 (жиырма үш) аумақтық сайлау округтері құрылсын;
  2. Абай облысы Семей қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес қалыптастырылсын;
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихаттың

         төрағасы                                                                                   Б. Ақжалов

                                                                                                           

Дата публикации
20 января 2023