Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындылары және 2026–2027 жылдардағы қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындық барысы туралы есеп.
2. Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 қарашадағы № 51/272-VIII «Семей қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің орындалу барысы туралы.
3. Семей қаласының денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі және халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігі туралы.
4. 2026–2027 жылдардағы су тасқыны қаупі бар кезеңнен өтуге дайындық барысы туралы.
5. «Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 52/277-VIII «Семей қаласының 2026 - 2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
6. Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 53/283-VIII «Абай облысы Семей қаласының 2026 - 2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
7. «Семей қаласының терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы туралы» Семей қаласы мәслихатының 2026 жылғы 19 маусымдағы № 57/311-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
8. «Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2026 жылғы 19 маусымдағы № 57/312-VIII «Семей қаласының кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
9. «Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 14/82-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
10. Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 28/156-VIII «Абай облысы Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
11. Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 31/227-VІI «Абай облысы Семей қаласы мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
12. «Абай облысы Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы менштаттары туралы» Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 43/231-VIII шешіміне толықтыру енгізу туралы.
13. Сайлау комиссияларынан шыққандардың орнына жаңадан мүшелер сайлау туралы.