Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы № 15 ХАТТАМАСЫ

Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы

№ 15 ХАТТАМАСЫ

 

Семей қаласы                                                               2026 жылғы 30 шілде
Мәңгілік Ел көшесі, 4, 102-кабинет                           16:00

 

Төраға: Г.К. Алтынбекова – Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
Хатшы: А.А. Виликс – Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы.

Қатысқандар: Қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат аппаратының өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары, Семей қаласы Полиция басқармасының өкілдері, шешім жобаларын әзірлеушілер.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 52/277-VIII «2026–2028 жылдарға арналған Семей қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің жобасын қарау.
  2. Семей қаласы мәслихатының «Абай облысы Семей қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешімі жобасын қарау.
  3. Абай облысы Полиция департаменті Семей қаласы Полиция басқармасы бастығының 2025 жылы атқарылған жұмыстар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ Семей қаласы мектептеріндегі буллинг жағдайы туралы ақпаратын тыңдау.

 

  1. Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 52/277-VIII «2026–2028 жылдарға арналған Семей қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі жобасын қарау.

ТЫҢДАЛДЫ:

Г.К. Алтынбекова сөз сөйлеп, Семей қаласының экономика және қаржы бөлімі Қоғамдық кеңестің қарауына Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 52/277-VIII «2026–2028 жылдарға арналған Семей қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің жобасын ұсынғанын хабарлады.

Қаралып отырған жоба бойынша Семей қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тәттібеков Болат Бауыржанұлы баяндама жасап, 2026–2028 жылдарға арналған қала бюджетіне енгізілетін негізгі өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат берді. Өзгерістер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес әзірленгені және бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін нақтылауды, бюджеттік қаражатты қайта бөлуді, трансферттер көлемін өзгертуді, сондай-ақ қаланың басым даму бағыттарын қаржыландыруды көздейтіні атап өтілді.

СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған материалдарды талқылап, бюджеттік қаражаттың жұмсалу бағыттары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру, жол инфрақұрылымы, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларындағы іс-шараларды іске асыру бойынша сұрақтар қойды.

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  • Шешім жобасын әзірлеушінің ақпараты назарға алынсын.
  • Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 52/277-VIII «2026–2028 жылдарға арналған Семей қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі жобасы мақұлдансын.
  • Семей қаласының мәслихатына шешім жобасын ұсынылған редакцияда қабылдау ұсынылсын.
  • Семей қаласының әкімдігіне бюджеттік қаражаттың тиімді, нысаналы және уақтылы пайдаланылуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
  • Қоғамдық кеңестің қорытындысы Семей қаласының мәслихатына жолдансын.
  1. Семей қаласы мәслихатының «Абай облысы Семей қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешімі жобасын қарау.

ТЫҢДАЛДЫ:

Жоба бойынша ақпаратты Семей қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тәттібеков Болат Бауыржанұлы ұсынды.

Баяндамашы даму жоспары қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарын, негізгі мақсаттары мен міндеттерін, нәтижелілік көрсеткіштерін және орта мерзімді кезеңге арналған іс-шараларды іске асыру тетіктерін айқындайтынын атап өтті.

СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған жобаны қолдап, оның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, мемлекеттік саясаттың басымдықтарына және қаланы кешенді дамыту міндеттеріне сәйкес келетінін атап өтті.

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  • Әзірлеушінің ақпараты назарға алынсын.
  • «Абай облысы Семей қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешім жобасы мақұлдансын.
  • Семей қаласының мәслихатына шешім жобасын бекіту ұсынылсын.
  • Атқарушы органдарға даму жоспарын іске асырудың ашықтығын қамтамасыз ету, халықты мақсатты көрсеткіштердің орындалуы туралы тұрақты хабардар ету және іс-шаралардың орындалуына қоғамдық мониторинг жүргізу ұсынылсын.
  • Шешімдер бірауыздан қабылданды.
  • Абай облысы Полиция департаменті Семей қаласы Полиция басқармасы бастығының 2025 жылы атқарылған жұмыстар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ Семей қаласы мектептеріндегі буллинг жағдайы туралы ақпаратын тыңдау.

ТЫҢДАЛДЫ:

Семей қаласы Полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығының орынбасары Қапатаев Саят Кеңесбекұлының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың жай-күйі және олардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараты тыңдалды. Профилактикалық жұмыстардың нәтижелері, білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл, рейдтік іс-шараларды өткізу, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, ювеналды полицияның қызметі және жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған шаралар атап өтілді.

СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Қоғамдық кеңес мүшелері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, полицияның білім беру ұйымдарымен, ата-аналар қауымдастығымен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылын күшейту мәселелерін талқылады.

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  • Семей қаласы Полиция басқармасының ақпараты назарға алынсын.
  • Семей қаласы Полиция басқармасына кәмелетке толмағандар арасында жүйелі профилактикалық жұмысты жалғастыру ұсынылсын.
  • Білім беру ұйымдарымен, қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен, ата-аналар комитеттерімен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейту ұсынылсын.
  • Буллингтің, кибербуллингтің және кәмелетке толмағандар арасындағы өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шараларды жалғастыру ұсынылсын.
  • Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстың нәтижелері туралы Қоғамдық кеңесті тұрақты түрде хабардар ету қамтамасыз етілсін.

 Семей қаласы Қоғамдық

кеңесінің төрағасы                                                        Г.К. Алтынбекова

Семей қаласы Қоғамдық

кеңесінің хатшысы                                                        А.А. Виликс

 

 

Дата публикации
21 августа 2026