Семей қаласы Қоғамдық кеңесі отырысының № 14 ХАТТАМАСЫ

№ 14 ХАТТАМА

Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы

Семей қаласы                                                                  2026 жылғы 17 шілде

Абай көшесі, 97                                                              16:30

 Төраға: Алтынбекова Г. К. – Семей  қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Хатшы: Виликс А.А. – Семей   қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы.

ҚАТЫСҚАНДАР: Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары.

КҮН ТӘРТІБІ

Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2026 жылғы 19 маусымдағы №57/312 VIII «Семей қаласында кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасын қарау.

  1. Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2026 жылғы 19 маусымдағы №57/312 VIII «Семей қаласында кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасын қарау

 ТЫҢДАЛДЫ:

«Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады.

Баяндамашы шешім жобасының Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі №381 бұйрығына сәйкес әзірленгенін хабарлады.

Шешім жобасының мақсаты – қолданыстағы мәслихат шешімін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру, кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін есептеу тәртібін жаңарту және құқықтық реттеуді жетілдіру болып табылады. Жобаны іске асыру жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған жобаны талқылады.

Талқылау барысында:

  • жоба қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленгені;
  • енгізілетін өзгерістердің құқықтық сипатта екені;
  • жобаны қабылдау жергілікті бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейтіні;
  • тұрғын үй қатынастары саласындағы құқықтық айқындықты қамтамасыз ететіні;
  • көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүлкін басқаруды жетілдіруге ықпал ететіні атап өтілді.

Жоба бойынша ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2026 жылғы 19 маусымдағы №57/312 VIII «Семей қаласында кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы мақұлдансын.

Жоба Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп танылсын.

Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің қорытындысы бекітілсін.

Әзірлеуші мемлекеттік органға шешім жобасын белгіленген тәртіппен Семей қаласы мәслихатының қарауына енгізу ұсынылсын.

Осы хаттама және Қоғамдық кеңестің қорытындысы Семей қаласы мәслихатына және әзірлеуші мемлекеттік органға жолдансын.

 

 

Семей қаласының

Қоғамдық кеңесінің төрағасы ________________      Г. Алтынбекова

 

Семей қаласының

Қоғамдық кеңесінің хатшысы ________________      А. Виликс

Дата публикации
21 августа 2026