№ 13 ХАТТАМА
Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы
Семей қаласы 2026 жылғы 22 маусым
Абай көшесі, 97 16:30
Төраға: Алтынбекова Г. К. – Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
Хатшы: Виликс А.А. – Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы.
ҚАТЫСҚАНДАР:
Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері.
КҮН ТӘРТІБІ
ТЫҢДАЛДЫ:
«Абай облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады.
Баяндамашы шешім жобасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 наурыздағы №202 қаулысына сәйкес әзірленгенін атап өтті. Жобаның негізгі мақсаты – әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін реттейтін жаңартылған заңнамаға сәйкес Семей қаласы мәслихатының қолданыстағы шешіміне толықтыру енгізу.
Сонымен қатар, ұсынылып отырған өзгерістер жергілікті нормативтік құқықтық актіні қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіруге және мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталғаны айтылды.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған шешім жобасын талқылады.
Талқылау барысында:
Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы №14/82–VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» шешім жобасы мақұлдансын.
Жоба Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп танылсын.
Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің қорытындысы бекітілсін.
«Абай облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шешім жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау және бекіту үшін Семей қаласы мәслихатының кезекті сессиясына енгізу ұсынылсын.
Осы хаттама мен Қоғамдық кеңестің қорытындысы Семей қаласы мәслихатына және жобаны әзірлеуші мемлекеттік органға жолдансын.
Семей қаласы Қоғамдық
кеңесінің төрағасының орынбасары ______________ К. Тулеуов
Семей қаласы Қоғамдық
Кеңесінің хатшысы ______________ А. Виликс