Семей қаласының Қоғамдық кеңесі отырысының № 12 ХАТТАМАСЫ

№ 12 ХАТТАМА
Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы

 

Семей қаласы                                                                  2026 жылғы 22 мамыр
Абай көшесі, 97                                                              16:30

Төраға орынбасары : Тулеуов К.М. — Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасының орынбасары.         
Хатшы: Виликс А.А. — Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің хатшысы.
Қатысқандар: Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің «Қала әкімінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы №5 «Семей қаласы әкімі шешімінің жобасын келісу туралы»

 ТЫҢДАЛДЫ:
Семей қаласы әкімдігі аппаратының өкілі ұсынылып отырған шешім жобасы бойынша ақпарат берді. Жоба Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес әзірленген.

Түсіндірме жазбаға сәйкес, жоба Семей қаласы аумағындағы сайлау учаскелерінің тізбесін өзектендіру мақсатында әзірленген. Өзгерістердің негізгі бөлігі көшелер атауларының өзгеруіне байланысты сайлау учаскелерінің шекараларын нақтылау және бір сайлау учаскесін таратуға қатысты. Қосымша қаржылық шығындар талап етілмейді.

Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған өзгерістердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес келетінін және сайлау учаскелерінің тізбесін өзектендіруге бағытталғанын атап өтті. Салыстырмалы кестеге сәйкес, өзгерістердің басым бөлігі көше атауларының өзгеруіне байланысты енгізілуде.

КЕҢЕСТІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:     
Жобаның негізгі мақсаты – Семей қаласы аумағындағы сайлау учаскелерінің тізбесін көше атауларының өзгеруіне және бір сайлау учаскесінің таратылуына байланысты өзектендіру болып табылады.

Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылып отырған өзгерістердің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келетінін және қосымша бюджет қаражатын қажет етпейтінін атап өтті.

ТАЛҚЫЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:      

  • «Семей қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Семей қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы №5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы мақұлдансын.
  • Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар жоқ деп танылсын.

Шешім бірауыздан қабылданды.

Семей қаласының Қоғамдық

кеңесінің төрағасы орынбасары                                     К. Тулеуов

Семей қаласының

Қоғамдық кеңесінің хатшысы                                         А. Виликс

 

Дата публикации
21 августа 2026