Семей қаласы Қоғамдық кеңесі отырысының № 11 ХАТТАМАСЫ

№ 11 ХАТТАМА
Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы

Семей қаласы                                                                  2026 жылғы 4 наурыз
Абай көшесі, 97                                                              16:30

Төраға: Алтынбекова Г.К. — Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Хатшы: Виликс А.А. — Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің хатшысы.
Қатысқандар: Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелерін қарастыру, соның ішінде Семей қаласында тұратын Ауған соғысы ардагерлеріне әлеуметтік қолдауды күшейту.
  2. Семей қаласының тазалығы: ағымдағы жағдай және жақсарту шаралар.
  3. Тұрғын үйлердің ауласында, ортақ пайдаланудағы және муниципалдық жер телімдерінде жапапй орнатылған металл гараждар мәселесі.
  4. Спортшылардан келіп түскен өтінішті қарастыру.

 ТЫҢДАЛДЫ:
Алтынбекова Г.К.  Қоғамдық кеңеске келіп түскен Ауғаныстандағы және жергілікті соғыстардың ардагерлері мен мүгедектері»  қоғамдық бірлестігінен, Семей қаласы спорттық қауымдастықтан келіп түскен өтініштерді қарастыру.

Кеңестің шешімі:        
Ауған соғысы ардагерлеріне әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында, сондай-ақ басқа да санаттарға тиесілі азаматтарға Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес қарастырылған жеңілдіктерді қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қаржы қарастыру ұсынылсын.

Атап айтқанда:
– қоғамдық көлікте тегін жол жүру жеңілдіктерін қамтамасыз ету;
– коммуналдық қызметтерге 5 АЕК көлемінде жеңілдіктер беру;
– жыл ішінде санаторий-курорттық емделуге бара алмаған жағдайда, тиісті жәрдемақыны ақшалай түрде төлеуді ұйымдастыру.

  1. Семей қаласының тазалығы: ағымдағы жағдай және жақсарту шаралар

ТЫҢДАЛДЫ:

Абай облысы Семей қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманы

КЕҢЕСТІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:     
Қала әкімдігі тарапынан бақылауды күшейту және аумақты тазалау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Қоғамдық кеңес жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігін одан әрі арттыруды, уәкілетті қызметтердің жауапкершілігін күшейтуді және қаланың санитарлық жағдайы мәселелерін шешуде жүйелі тәсілді қамтамасыз етуді қажет деп санайды.

Кеңестің шешімі:        
Қала әкімдігінің тазалықты қамтамасыз ету және абаттандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы ақпарат назарға алынсын.

Қала әкімдігіне ұсыныс:         
– қала аумағын тазалау және абаттандыру жұмыстарын жалғастыру;     
– санитарлық нормалардың сақталуына бақылауды күшейту;       
– халықты, кәсіпорындар мен ұйымдарды абаттандыру іс-шараларына қатысуға тартуды жандандыру.

Қаладағы санитарлық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізудің қажеттілігі атап өтілсін.

  1. Тұрғын үйлердің ауласында, ортақ пайдаланудағы және муниципалдық жер телімдерінде жаппай орнатылған металл гараждар мәселесі.

ТЫҢДАЛДЫ:
Абай облысы Семей қаласы «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы – З.М. Жанғалиев.

Кеңестің шешімі:        
Қоғамдық кеңес аталған мәселенің өзектілігін атап өтіп, металл гараждардың ретсіз орналастырылуы қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізетінін, сондай-ақ санитарлық жағдайдың нашарлауына және тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін екенін көрсетеді. Осыған байланысты, заңсыз орнатылған гараждарды анықтау және оларды кезең-кезеңімен жою бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу, сондай-ақ осы бағыттағы бақылауды күшейту қажет деп санайды. Сонымен қатар, тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, автокөліктерді орналастыру үшін баламалы әрі заңды шешімдерді қарастыру ұсынылсын.

  1. Спортшылардан келіп түскен өтінішті қарастыру.

ТЫҢДАЛДЫ:
Абай облысы Семей қаласы «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемллекеттік мекемесінің басшысы – Қ.Қ. Исажанов.

Кеңестің шешімі:        
Спорт инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде «Локомотив» стадионы мәселесін қарастыра отырып, Қоғамдық кеңес халықтың спортпен шұғылдануы мен бос уақытын тиімді өткізуі үшін қолайлы жағдайлар жасаудың қажеттілігін атап өтеді.

Қала әкімдігіне «Локомотив» стадионының инфрақұрылымын дамытуға 100 млн теңге көлемінде қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыру ұсынылсын.

Семей қаласының

Қоғамдық кеңесінің төрағасы                               Г. Алтынбекова

Семей қаласының

Қоғамдық кеңесінің хатшысы                                А. Виликс

Дата публикации
20 августа 2026