Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
- Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қала халқына көліктік қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі ақпараты туралы.
- Семей қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен интернет-алаяқтықтың алдын алу жөніндегі ішкі істер органдарының қызметі туралы есеп.
- Семей қаласындағы білім беру ұйымдары желісінің жай-күйі және дамуы туралы.
- Жер қатынастары бөлімінің 2025 жылы атқарған және 2026 жылға жоспарланған жұмысы жөніндегі ақпараты туралы.
- Сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
- Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің құрамын келісу туралы.
- «Қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2026 жылғы 6 наурыздағы № 54/288-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 41/208-VIII «Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 41/209-VIII «Қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Семей қаласының терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы туралы.
- Семей қаласының кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы.
- Семей қаласындағы теміржол өткелдерін нормативтік талаптарға сәйкес келтіру жөніндегі іс-шараларды қолдау туралы.