Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Молдабаев Хасен Советханұлы
«Қазақстан» РТРК» АҚ Абай облыстық филиалы директорының орынбасары
Общая информация, образование

№ 17 сайлау учаскесі.

Орналасқан жері: «№ 28 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты,  Семей қ.,   Б. Момышұлы көшесі, 57.

Шекаралар: Алматы - Семей басты темір жол желісінен Шевченко көшесімен Аймауытов көшесіне дейін, Аймауытов көшесімен (тақ жағы) Шәкәрім даңғылына дейін, Шәкәрім даңғылымен (жұп жағы) Чехов көшесіне дейін, Чехов көшесімен (тақ жағы), Севастопольская көшесіндегі 18-үйді қоспағанда, Восход кентіне апаратын темір жол желісіне дейін, Восход кентінің бойымен Восход кентіне Торайғыров көшесіне дейін, Торайғыров көшесінің бойымен (жұп жағы) 3, 4 «Семстройкомплект» жатақханаларын қоспағанда, Морозов көшесіне дейін, Морозов көшесінің бойымен (тақ жағы)                              Ш. Уәлиханов көшесіне дейін, Ш. Уәлиханов көшесінің бойымен (жұп жағы) Қайым Мұхамедханов көшесіне дейін, Қайым Мұхамедханов көшесінің бойымен Жамақаев көшесіне дейін, Жамақаев көшесінің бойымен (жұп жағы) Аймауытов көшесіне дейін, Аймауытов көшесінің бойымен Қабанбай батыр көшесіне дейін, Қабанбай батыр көшесінің бойымен Алматы-Семей темір жол желісіне дейін, Алматы-Семей темір жол желісінің бойымен Шевченко көшесіне дейін.

Карьера

Молдабаев Хасен Советханұлы, 1985 жылы Семей қаласында дүниеге келді. Өзінің еңбек жолын 2003 жылы жергілікті телеарнада жүргізуші-редактор қызметінен бастады және осы жылдары «Жасыл ел» штабының баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді. Бұдан кейін еңбек жолын Астана қаласында «Эра» телеарнасында жаңалықтар қызметінің жүргізуші және тілшісі болып жалғастырды. 2009 жылы жаңа 7 арнаның арнайы тілшісі ретінде жұмыс істеді. Хасен Молдабаев әр жылдары мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік секторда бұқарамен байланыс маманы және баспасөз қызметінің жетекішісі, 24.kz телеарнасындағы бірқатар бағдарламалардың жүргізуші-редакторы болып еңбек етті. Іскерлік медициналық журналдың және білім орталығының басшысы қызметтерін атқарды. 2018 жылдың қараша айының 21-нен бастап 2025 жылдың наурыз айына дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ филиалының директоры болып қызмет атқарды. 2025 жылдың сәуір айынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Абай облыстық филиалы директорының орынбасары болып жұмысын жалғастырып жатыр.


Қосымша ақпарат: Қазақстан Журналистер одағы Абай облыстық филиалының төрағасы, Бас редакторлар клубының мүшесі. Бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтын Алғыс хат иегері. Түрлі мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарының иегері. "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы