2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпарат

2023 жылғы мем.қызмет көрсету бойынша ақпарат гос.услуги за 2023 г.

2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпарат «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, қала тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетеді. Бөлім 2023 жылы барлығы 484 қызмет көрсетті, оның ішінде: қағаз нысанда-17, «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы – 0, Мемлекеттік корпорация арқылы – 0 және электрондық түрде – 467 қызмет көрсетілді. Бөлім бекіткен 2023 жылғы медиа жоспарға сәйкес әлеуметтік желілерде және жергілікті БАҚ-та 3 мақала жарияланды және электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету бойынша брошюралар мен флайерлерді тарату бойынша 2 акция өткізілді. Бөлімнің фойесінде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері белгіленген. Бөлімде халыққа ыңғайлы болу үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы – Egov» жұмыс істейді. Бөлім 2023 жылы 30 анықтама берді. «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Қ. Рамазанов
Дата публикации
17 февраля 2025