Сәтбаев қаласы бойынша тіркелген ШОБ (шағын және орта бизнес) субъектілері

Сәтбаев қаласы бойынша тіркелген ШОБ (шағын және орта бизнес) субъектілерінің 2024 жылдың 1 қарашадағы көрсеткіші бойыншасаны 4 610 бірлікке жетті (оның ішінде: заңды тұлғалар 310 бірлік, жеке кәсіпкерлер 4179 бірлік, шаруа қожалықтары 121 бірлік)немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен  салыстырғанда 96,0% пайызды құрайды ( 2023 жылы – 4 798 бірлік).

Сәтбаев қаласы бойынша жұмыс істеп тұрған ШОБ (шағын және орта бизнес) субъектілерінің 2024 жылдың 1 қарашадағыкөрсеткіші бойыншасаны 4282 бірлікке жетті (оның ішінде: заңды тұлғалар 279 бірлік, жеке кәсіпкерлер 3869 бірлік, шаруа қожалықтары 114 бірлік)немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіменсалыстырғанда 96,9% пайызды құрайды ( 2022 жылы – 4 415 бірлік).

Анықтама:Көрсеткіштің төмендеу себебі, жылдың басында Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан бос және істемей тұрған кәсіпкерлердің санын азайтуы болып табылады.

Тауар айналымы 10 айда 37 554 млн. теңгені құрады (2023 жылы –36 645,5 млн. теңге) немесе 2023 жылмен салыстырғанда 2,4пайызға өсті.

- Бөлшек сауда айналымы – 19 875,3 млн. теңге (2023 жыл – 17 990,7 млн. теңге), НҚИ – 103,8;

- Көтерме сауда көлемі - 17 678,7 млн. теңге (2023 жыл – 18 654,8 млн. теңге),
НҚИ – 95,2;

Анықтама: Нақты көлем көрсеткішін орындамаудың себебі азық түлік тауарларының көтерме айналымының төмендеуі болып табылады.

 

2024 жылдың жартыжылдығында  өндірілген өнім көлемі 22 645 млн. теңгені құрап (2023 жылы – 14 630 млн. теңге), 2023 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 154,7 пайызды құрады.

2024 жылдың жартыжылдығы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 6 703 адамды құрады.

 

Мемлекеттік бағдарламалар:

2024 жылдың қаңтар-қазан айларына«Даму» қоры және екінші деңгейлі банктер арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында«Бірыңғай кешенді бағдарламасы» аясында,163 жобаға 4 млрд 593 млн. 289 мың 798 теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Оның ішінде:

  • «Банктік несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау»бойынша 108 жобаға 4 млрд 593 млн. 289 мың 798 теңге көлемінде қолдау көрсетілді;
  • «Банк несиелеріне ішінара кепілдік беру»бойынша55 жобаға2 млрд 746 млн 080 мың 000 теңге көлемінде (кепілдеме сомасы 1 млрд 002 млн. 881 мың 442 теңге.)қолдау көрсетілді.

 

         «Сәтбаев қаласы әкімінің жастар кәсіпкерлігін қолдау және дамытуға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары байқауында2024 жылы10 адам 30,0млн. теңге сомасында (қаржыландыру Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімінен)қолдау тапты (әрбір грант иегеріне 3,0 млн теңгеден).

 

«Жаңа бизнес идеяларды іске асыру бойынша» 2024 жылы – 20 грант иегері болды(қаржыландыру Сәтбаев қаласының Мансап орталығы).

         Мемлекеттік грантқа атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, көп балалы аналарға, асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы алушылар, қандастар, мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар және 29 жасқа дейінгі жастар қатысты. Гранттың көлемі 400 АЕК (адам басына шаққанда 1 476 800  теңге), грантқа құжат қабылдау онлайн түрде жүзеге асты.

Дата публикации
11 декабря 2024