«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы.
Хабарландыру!
«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 ҮББ жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.
«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағыт бойынша жүргізілді:
1) «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты, барлық ниет білдірген тұлғалардан осы талқылауға 04.04.2024 жылы сағат 11:00-де, Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы,
Қаныш Сәтбаев көшесі, 108/1, 111 кабинет мекенжайы бойынша қатысуды сұраймыз.
Көпшілік талқылауға қатысқысы келетіндер 8-710-63-3-78-35 сенім телефоны арқылы хабарласа алады.