2025 жылға арналған «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат

«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

  1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу.
  2. Аталған техникаларды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу.
  3. Аталған техникаларды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап тексеруден өткізу.
  4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру.

Есепті кезеңде барлығы 184 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 163 мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді.

2025 жылы жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметтерінің қолжетімділігі мәселелері бойынша қоғамдық бақылау жүргізілген жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2025 жылы әлеуметтік желілерде 2 тікелей эфир өткізілді және тұрғындарға 20 ақпараттық брошюра таратылды.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау іс-шарасы жүргізілді. Есепті кезеңде «Е-лицензиялау» және өзге де ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілері тіркелген жоқ. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шағымдар мен көрсетілетін қызметті алушылардың өз еркімен бас тарту жағдайлары болған жоқ.

Дата публикации
05 августа 2026