«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық

  «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және

  ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-нің

  қызметінде сыбайлас жемқорлық

  тәуекеліне ішкі талдау жүргізу туралы

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік Қағидаларының 4-тармағына сәйкес:

  1. 2026 жылғы 8 сәуірден бастап 15 мамырға дейін «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ қызметіндегі 2025 жылдың кезеңінде және 2026 жылдың 1 тоқсанында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілсін:

         - нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

         - ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыс тобының құрамы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ әдіскері А.Б. Сералина 2026 жылғы 26 наурызға дейінгі мерзімде интернет-ресурста, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы анонсты орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

         Басшы                                                                                          Т.Ж. Балықбай

 

 

 

 

2026 жылғы «__»______
№_____бұйрығына  қосымша

                                                                                                    

 

 

»Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізу жұмыс тобының құрамы

 

 

Төленді Жақыпұлы Балықбай

 

-  «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы жұмыс тобының жетекшісі;

 

Айжан Шарипуллаевна Маманова

 

 

-  «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ сектор меңгерушісі;

Жанна Канатовна

Алыкпашева

 - «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ сектор меңгерушісі;

 

Аяжан Багдатовна Сералина

 

 - «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ әдіскері;

 

Шолпан Сегизбаевна Карымбаева

 

 

 - «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ статисті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2026