Аналитикалық анықтама Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша

Аналитикалық анықтама

Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша

 

Сәтбаев қаласы                                                                              2026 жылғы 26 мамыр

 

«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Мемлекеттік мекеме басшысының 2026 жылғы 20 наурыздағы №10 бұйрығына сәйкес жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды келесі құрамдағы Жұмыс тобы жүргізді:

– бөлім басшысы;

– сектор меңгерушісі;

– сектор меңгерушісі;

– әдіскер;

– статист.

Мемлекеттік мекеме қызметінің талданған кезеңі: 2025 жыл және 2026 жылдың I тоқсаны.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Мемлекеттік мекеме қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Бірінші бағыт бойынша: Мемлекеттік мекеме қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мемлекеттік мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Мемлекеттік мекеме туралы Ережені басшылыққа алады.

Мемлекеттік мекеменің ішкі құжаттарын әзірлеу және қабылдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қолданыстағы ішкі құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігіне қарай және заңнама өзгерген жағдайда жүргізіледі.

Жүргізілген талдау нәтижесінде Мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғаларына өз қалауы бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік беретін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергілер туғызатын ережелер анықталған жоқ, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді еркін түсіндіруге мүмкіндік беретін дискрециялық өкілеттіктер, нормалар мен құқықтық олқылықтар анықталған жоқ.

 

Екінші бағыт бойынша: Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Кадрларды басқару

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік мекеменің штат саны 5 мемлекеттік қызметшіні және шарт негізінде жұмыс істейтін 6 қызметкерді құрайды.

Барлық мемлекеттік қызметшілер атқарып отырған лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

Зерттелген кезеңде еңбек тәртібін бұзу және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді бұзу фактілері тіркелмеген. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау, мүдделер қақтығысы фактілері анықталмаған.

Қолданыстағы заңнамада лауазымды тұлғалар үшін белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері (оның ішінде коммерциялық ұйымдарды сенімгерлік басқаруға беру және т.б.), сондай-ақ жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен үлестестігі, кадрлардың ауысу себептері, қызметкерлерді жұмыстан шығару (лауазымын төмендету) фактілері анықталмаған.

Кадрларды басқару қызметін талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Мүдделер қақтығысын реттеу

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 15-бабына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды тұлғаларға мүдделер қақтығысы болған жағдайда лауазымдық міндеттерін орындауға тыйым салынады.

Зерттелген кезеңде Мемлекеттік мекемеде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

Туындаған мүдделер қақтығысы туралы жазбаша хабарламалар тіркелмеген.

Мүдделер қақтығысын реттеу қызметін талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету

Мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметтердің 4 (төрт) түрін көрсетеді:

– «Тракторларды басқару құқығына куәліктер беру»;

– «Тракторларға тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгіні беру»;

– «Тракторлар кепілін мемлекеттік тіркеу»;

– «Тракторларға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізу».

2025 жылы мемлекеттік техникалық инспекция саласында 184 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

– «Мамандандырылған техникаға техникалық паспорттар мен мемлекеттік нөмірлер беру» – 62;

– «Тракторларды басқару құқығына куәліктер беру» – 59;

– «Мамандандырылған техника кепілін мемлекеттік тіркеу» – 21;

– «Тракторларға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізу» – 42.

2026 жылдың I тоқсанында мемлекеттік техникалық инспекция саласында 63 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

– «Мамандандырылған техникаға техникалық паспорттар мен мемлекеттік нөмірлер беру» – 15;

– «Тракторларды басқару құқығына куәліктер беру» – 25;

– «Мамандандырылған техника кепілін мемлекеттік тіркеу» – 0;

– «Тракторларға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізу» – 23.

Зерттелген кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу және шағымдар тіркелмеген. Барлық мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі. Көрсетілетін төрт мемлекеттік қызметтің үшеуі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) немесе «Е-лицензиялау» электрондық лицензиялау порталы арқылы көрсетілуі мүмкін, ал «Мамандандырылған техника кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) және «Е-лицензиялау» порталы арқылы алу мүмкіндігі қарастырылмаған, аталған қызмет тек қызмет алушының Мемлекеттік мекемеге тікелей жүгінуі арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету қызметін талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сонымен қатар, аталған мемлекеттік қызметті «Е-лицензиялау» порталымен интеграциялау арқылы автоматтандыру немесе оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету мүмкіндігін қарастыру жөнінде уәкілетті органға ұсыныс енгізу ұсынылады.

 

Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Мемлекеттік мекеме апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге рұқсат береді және мерекелік жалпықалалық іс-шаралар өткізу кезінде стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын ұсынады.

2025 жылы Мемлекеттік мекеме 51 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізді, берілген рұқсаттар саны – 3000. 2026 жылдың I тоқсанында 12 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, берілген рұқсаттар саны – 960.

25 жылы мерекелік жалпықалалық іс-шараларды өткізу кезінде Мемлекеттік мекеме стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру үшін 60 орын мен маршрут берген, 2026 жылдың I тоқсанында – 30.

Мемлекеттік мекеме өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Рұқсат беру функцияларын іске асыруды талдау нәтижесінде зерттелген кезеңде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысуға рұқсат беру кезінде өтініштерді қабылдау және рұқсаттарды беру қағаз форматында, өтініш берушілердің Мемлекеттік мекемеге тікелей жүгінуі арқылы жүзеге асырылғаны анықталды. Бұл тетік лауазымды тұлғалар мен өтініш берушілер арасында тікелей байланысты көздейді, бұл әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етуі мүмкін.

 

Сонымен қатар, өтініштер беру, өтінімдерді қарау, сауда орындарын бөлу және өзге де рәсімдік мәселелер тәртібін реттейтін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру және өткізу қағидаларының бекітілмегені анықталды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеп, бекіту, сондай-ақ электрондық платформа немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы өтініштерді беру мен қараудың цифрлық тетігін енгізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

Сондай-ақ мерекелік жалпықалалық іс-шараларды өткізу кезеңінде стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын беру өтініш берушілердің Мемлекеттік мекемеге тікелей жүгінуі негізінде жазбаша өтініштер арқылы жүзеге асырылатыны анықталды. Аталған тәртіп те лауазымды тұлға мен өтініш беруші арасында тікелей байланысты көздейді.

Осыған байланысты электрондық платформа немесе өтініш беруші мен лауазымды тұлға арасындағы тікелей өзара іс-қимылды болдырмайтын өзге де цифрлық сервис енгізу арқылы стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын беру бойынша өтініштерді қабылдау және қарау процесін автоматтандыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

Рұқсат беру функцияларын іске асыру қызметін талдау нәтижесінде келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

– ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне рұқсат беру кезінде тікелей байланыс болуы, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу бойынша бекітілген қағидалар мен ашық регламенттің болмауы;

– стационарлық емес сауда үшін орындар мен маршруттарды беру кезінде тікелей байланыс болуы.

 

Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

Мемлекеттік мекеме бақылау-тексеру функцияларын жүзеге асырмайды.

 

Бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу

Мемлекеттік мекеменің 2025 жылға арналған бюджеті 79 745,0 мың теңгені құрады, оның ішінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттік қаражатты игеру 79 673,0 мың теңгені немесе 100%-ды құрады.

Мемлекеттік мекеменің 2026 жылға арналған бюджеті 104 144,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша бюджеттік қаражатты игеру 20 689,0 мың теңгені құрады.

Мемлекеттік мекеменің бюджеттік және қаржылық қаражатын игеру және бөлу барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

Бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу қызметін талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу

Мемлекеттік мекеме тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен шарттар жасасу кезінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу қызметін талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

Ақпараттық қауіпсіздік саясаты компьютерлік техника (бағдарламалар) операторы арқылы қамтамасыз етіледі, оның құзыретіне операциялық жүйені, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және баптау, компьютерлерді жергілікті желіге және Интернет желісіне қосу және баптау, компьютерлік техника мен сервердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, шығыс материалдарын ауыстыру кіреді.

Бөлім жұмысында келесі ақпараттық жүйелер пайдаланылады: «Documentolog электрондық құжат айналымы жүйесі» АЖ; eQyzmet АЖ; Enbek АЖ; Е-лицензиялау; «Электрондық мемлекеттік сатып алу порталы» АЖ; «Қазынашылық-клиент» АЖ; «1-С платформасындағы К2.Бюджет» БҚ; Е-Акимат аналитикалық кешені; Е-Архив АЖ. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығысын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында келесі жауапкершілік көзделген:

– ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттамаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау;

– дерекқорды қызметтік емес мақсаттарда пайдалану және дербес деректерді жария ету.

Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану қызметін талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер

Келіп түсетін барлық хат-хабарлар бөлімде «Documentolog электрондық құжат айналымы жүйесі» АЖ арқылы электрондық форматта тіркеледі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері «Е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы келіп түседі және басшылықтың қарауына беріледі. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері заңнамада көзделген мерзімдерде қаралады.

2025 жылы Мемлекеттік мекемеге 31 өтініш келіп түсті, 2026 жылдың I тоқсанында – 8.

Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне қатысты теріс материалдарды анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізілді. Зерттелген кезеңде теріс материалдар анықталған жоқ. Прокурорлық қадағалау актілері келіп түспеген.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Тәуекелдерді жою жөніндегі ұсынымдар:

  1. Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша уәкілетті органдарға тиісті хаттар (ұсыныстар) жолдау;
  2. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеп, бекіту, сондай-ақ электрондық платформа немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы өтініштерді беру мен қараудың цифрлық тетігін енгізу мүмкіндігін қарастыру;
  3. Мерекелік жалпықалалық іс-шараларды өткізу кезінде стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын беру бойынша өтініштерді қабылдау және қарау процесін электрондық платформа немесе өзге де цифрлық сервис енгізу арқылы автоматтандыру мүмкіндігін қарастыру;
  4. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша құқықтық оқыту сабақтарын, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
  5. Мемлекеттік қызметшілердің қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды қатаң сақтауын қамтамасыз ету;
  6. Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы нормаларының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету;
  7. Сыбайлас жемқорлыққа алғышарттар жасайтын қайшылықтарды, олқылықтар мен коллизияларды жою мақсатында Мемлекеттік мекеме қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасына тұрақты талдау жүргізу.

 

 

 

СЖТІТ жүргізу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі/

«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және

ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы                                        Т.Ж. Балықбай

 

 

СЖТІТ жүргізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері:

 

 

______________ Ж.К. Алыкпашева

 

 

______________ А.Ш. Маманова

 

 

______________ А.Б. Сералина

 

 

______________ Ш.С. Карымбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 июня 2026