«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы

ХАТТАМА

«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы

 

Сәтбаев қаласы                                                                             2026 жылғы 8 мамыр

 

Өткізу орны: Сәтбаев қ., Сәтбаев даңғылы 108, 219-кабинет

Өткізу уақыты: сағат 11:00

Төрағалық етуші: сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі (бұдан әрі – СЖТІТ) Т.Ж. Балықбай

Қатысқандар:

«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ қызметкерлері және СЖТІТ жүргізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері.

СЖТІТ нәтижелерін талқылау жұмыс тобының жетекшісі Т.Ж.Балықбайның төрағалығымен өткізілді.

Анықталған тәуекелдер мәселесі бойынша жұмыс тобының жетекшісі Т.Ж.Балықбай сөз сөйледі.

Өз сөзінде Т.Ж. Балықбай жария талқылауды өткізудегі негізгі мақсат мүдделі тараптардан сындарлы кері байланыс алу, сондай-ақ «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды барынша азайту тетіктерін жетілдіру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-нің 2026 жылғы 20 наурыздағы №10 ішкі бұйрығы негізінде, мемлекеттік мекемеде 2026 жылғы 8 сәуір мен 15 мамыр аралығында СЖТІТ жүргізіліп жатқанын еске салды.

Талдау СЖТІТ жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға, сондай-ақ ТБН №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобаларын іске асыру жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.

Белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес, СЖТІТ жүргізудің міндетті кезеңдерінің бірі оның нәтижелерін мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар өкілдерінің, сарапшылар қауымдастығының және жұртшылықтың қатысуымен жария талқылауды ұйымдастыру болып табылады.

         Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, интернет-ресурста СЖТІТ нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру орналастырылды. Аталған хабарландыруда мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғаларды талқылауға қатысуға және талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге шақыру жарияланды.

Осыған байланысты, Т.Ж. Балықбай атап өткендей, бүгін «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылықты арттыру бойынша тиімді шешімдер әзірлеу мақсатында ашық диалог және ынтымақтастық форматында СЖТІТ нәтижелерін жария талқылау өткізілуде.

СЖТІТ келесі қағидаттар негізінде жүргізілді:

- объективтілік;

- шынайылық;

- ашықтық;

- жан-жақтылық.

Жұмыс тобының нұсқауына сәйкес, мемлекеттік мекеменің жауапты қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар барлық жұмыс процестері келісілгеннен кейін ғана талдамалық анықтама мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қалыптастырылатын болады.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар заңды, тиімді, орындалатын және талдау объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған болуы тиіс.

«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша анықтамада көрсетілген ақпарат жұмысқа қабылданды.

 

 

Қатысушылар:

 

СЖТІТ жүргізу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі                                Т.Ж. Балықбай

 

 

СЖТІТ жүргізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері:

 

______________ Ж.К. Алыкпашева

 

______________ А.Ш. Маманова

 

______________ А.Б. Сералина

 

______________ Ш.С. Карымбаева

Дата публикации
13 мая 2026