
Сәтбаев қаласының Ауыл шаруашылығы 42 шаруа қожалығынан және 236 жеке ауладан тұрады. Ірі ауылшаруашылық кәсіпорындары жоқ. Үш «Горняк», «Восток», «Меридиан» бау-бақша қоғамдары бар, олардың құрамында 755 қоғам мүшелері бар. Сәтбаев қаласының аумағы 110435 гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 48466 гектарды құрайды. Бау - бақша және саяжай құрылысын жүргізуге арналған жерлер 110 гектарды құрайды («Горняк» ӨК - 76 га, оның ішінде егістік 31 га, «Восток» ӨК-23 га, оның ішінде егістік 10 га, «Меридиан» 11 га, оның ішінде егістік 3 га). Шаруа қожалығын жүргізу үшін азаматтардың жерлері-46784 гектар.
Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының нақтыланған ауданы-99,5 га (оның ішінде көкөністер – 34,5 га, картоп – 65 га).
2023 жылы көкөністердің жалпы жиналуы – 1007,3 тоннаны құрады. (сәбіз-96 тонна., қызылша-44 тонна., пияз 44,5 тонна., сарымсақ-0,06 тонна., қызанақ-413,6 тонна., қияр-219,5 тонна., қырыққабат-45,6 тонна., асқабақ-5,5 тонна., баклажан-62,4 тонна., бұрыш-69,3 тонна.).
Картоптың жалпы өнімі 1195,3 тоннаны құрады. Бақша дақылдарын жалпы жинау 0,5 тн. (қауын 0,4 тонна., қарбыз 0,08 тн.)
2024 жылғы қаңтар-қазандағы ауыл шаруашылығының жалпы көлемі 1666,7 млн. теңге. (мал шаруашылығы 848,1 млн. тг., өсімдік шаруашылығы 818,6 млн. тг.) Нақты көлем индексі -100,7%.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемі:
- ет: өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 277,5 тонна немесе 95,7% (289,9 тонна);
- сүт: өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1248,5 тонна немесе 98,4% (1269,3 тонна).
- жұмыртқа: 779,9 мың дана немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 89,6% (870,1 мың дана).
Анықтама:
Ауыл шаруашылығы жануарларының саны 2024 жылғы 1 қарашаға.
ІҚМ 2197 бас немесе 2023 жылғы қаңтар-қазанға 110,4% (1990 бас);
Оның ішінде сиырлар 1618 бас немесе 128,6 % (1258 бас);
Қой мен ешкі 4352 бас немесе 96,2% (4523 бас);
Жылқылар 1563 бас немесе 83,7 % (1867 бас);
Шошқалар 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 122 бас немесе 151,6% (80 бас);
Құстар 8394 бас немесе 77,6% (10820 бас).
Ауыл шаруашылығыныңнегізгі капиталыныңинвестиция көлемі 3,0 млн. теңгені құрады.