Сіздерді 2024 жылдың 15 наурызында сағат 14.00-де «Ауыл» партиясымен және Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылатын Қарағанды облысының Осакаров кентінің Мәдениет үйінде өтетін «Майлы, дәнді-бұршақты және жем-шөп дақылдарды әртараптандырудың өзектілігі» тақырыбындағы семинарға қатысуға шақырамыз.
Семинардың спикерлері агроном - ғалымдар болады:
1. «Астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС А.И.Бараева»,
2. «Қарабалық АШТӨ» ЖШС
3. «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС
Сонымен қатар минералды тыңайтқыштардың отандық өндірушілері:
1. «Қазазот» АҚ
2. «Қазфосфат» ЖШС
Семинар барысында Мәдениет үйінің фойесінде сағат 14:00-ден 15: 00-ге дейін отандық тұқым өндірушілердің, минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын жеткізушілердің селекциялық жетістіктерін көрсету ұйымдастырылады.
Семинарға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы шақырылды.
2022 жылдың 23 қыркүйегінде Осакаров ауданының коммуналдық базарында сағат 09:00 бастап ауыл шаруашылық көрмесі ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұсынысы негізінде, Осакаров ауданының қоғамдық кеңес төрағасы Е.А. Сулейменовтың, Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі ММ басшысы К.Абильдиновтың төралағымен 2022 жылдың 31 тамызында «Ашық есік күні!» өткізілді. Қабылдау барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша сұрақтар қарастырылды.
Дәуір өтті. Ауданның соңау заманнан бергі тұрғыны, соғыс батыры, дәуір азаматы Николай Иосифович Медведев қайтыс болды.
9 мамырда ол 100 жасқа толды. Николай Иосифович Медведев 1922 жылы 9 мамырда Липецк облысы, Елец ауданы, Николаевка ауылында дүниеге келген.
Николай Медведев Алматы темір жол техникумының үшінші курсында оқып жүрген кезінде Ұлы Отан соғысына қатысты. 1941 жылдың тамызында Николай Иосифович өзінің курстастары Синянский, Мелькин, Галудинов, Аргуков және тағы басқалармен бірге әскери қызметке - туған Отанын қорғауға шақырылды.
Қатардағы жауынгер Медведев 1941 жылдың 13 тамызы мен 1945 жылдың желтоқсаны аралығында 173 атқыштар дивизиясының 98 атқыштар полкі құрамында майданға қатысты. Сталинград түбіндегі шайқастарға, Курск доғасына қатысқан. Речица, Гомель, Польша, Белосток, Германияны қорғады. 1943 жылдың қаңтар айында жараланып, кейін емделгеннен соң 157 шекара полкіне жіберілді, оның міндеті II Беларусь майданының қолбасшысы маршал К.К. Рокоссовскийдің штаб-пәтерін күзету болды.
Потсдам конференциясын қорғауға қатысты, сол үшін берілген жеке алғысы бар. Жауынгерлік ерліктері үшін 1-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. «Георгий Жуков», «Ерен еңбегі үшін» және мерейтойлық медальдары бар.
Соғыстан кейін аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының инспекторы, Пионер ауылдық кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді. Майданда алған мамандық та пайдасы тиді. Центральное ауылында пошта меңгерушісі, содан кейін байланыс торабы бастығының орынбасары, ал көп ұзамай оның бастығы болып жұмыс істеді.
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 27 сәуірдегі № 120 шешімімен ауданға сіңірген ерекше еңбегі, жемісті мемлекеттік еңбегі үшін. Николай Иосифовичке «Осакаров ауданының Құрметті азаматы»атағы берілді.
Николай Иосифовичті еске аламыз. Оның жарқын да үлгілі өмірі ешқашан ұмытылмайды.
Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы волонтерлік ұйымдар мен жеке тұлғалар арасында гранттар конкурсын өткізеді. Қатысу үшін өтініштер тамыздың 4-нен 25-не дейін cmiko@inbox.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Конкурстың жалпы қоры 2 500 000 теңгені құрайды. Қаражат жеңімпаздар арасында тең үлестермен бөлінеді – 5 грант 500 000 теңгеден.
Қатысушылар конкурс нәтижелері туралы Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының @jasprokrg ресми аккаунтында хабардар етіледі.
Өтінім формасын сілтеме бойынша жүктеуге болады: https://t.me/JASPROKRG_Bot.
Өтінімге куәліктің сканерленген көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, жарғының және құрылтай шартының сканерленген көшірмесі (бар болса), жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін) қоса берілуі тиіс. Өтінімде қосымша құжаттар болуы мүмкін, мысалы, ұсыныс хаттар, сертификаттар және т. б.
Грант алушыларды іріктеу 30 қыркүйекке дейін екі кезеңде жүргізіледі.
Қатысушылар ұсынған жобалар еріктілер қозғалысының күшімен Қазақстан халқының өзекті мәселелерін шешуге бағытталуы және конкурс бағыттарына сәйкес келуі тиіс.
Бұл:
- Әлеуметтік волонтерлік (жағдайы нашар отбасылардағы балалармен және жасөспірімдермен, жетім балалармен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істеу бойынша жобаларды әзірлеу; жалғыз басты қарт адамдарға тұрақты негізде жеңілдікті әлеуметтік қызметтер көрсету; жастарды кәсіптік бағдарлау; үйсіз адамдарға көмек көрсету; қамаудан шыққан азаматтарды әлеуметтік бейімдеу; халықты әлеуметтік қолдауға жаңа тәсілдерді пайдалану;
- абаттандыру, көркейту және жайлы қалалық орта құру және т. б.);
- зияткерлік волонтерлік және халықты білім беру арқылы қолдау (халықтың әлеуметтік осал топтарын жаңа мамандықтарға оқыту бойынша жобаларды әзірлеу; мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қосымша дағдыларға және қолжетімді кәсіптерге оқыту бойынша жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу);
- экологиялық волонтерлік (жас ұрпақтың экологиялық ой-өрісін қалыптастыру бойынша жобаларды әзірлеу, экологиялық мінез-құлық пен әдеттердің жаңа модельдерін дағдыландыру; қоқысты бөлек жинау жүйелерін енгізу; қалалық ортада жергілікті экологиялық проблемаларды шешу модельдерін әзірлеу бойынша жобалар (қоқыс тастайтын жерлер және т. б.); көгалдандыруға инновациялық тәсілдерді іздеу және т. б.);
- зооволонтёрлік (жас ұрпақтың үй жануарларына және жануарлар әлемін қорғауға жауапты көзқарасын қалыптастыру бойынша жобаларды әзірлеу; баспаналарға, ветеринарлық ауруханаларға көмек көрсету; қалалық ортада үйсіз жануарларға көмек көрсету; жабайы жануарлар мен құстардың популяциясын қолдау және т. б.);
- азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру (мүмкіндігі шектеулі және ауыр сырқаттары бар адамдарға көмек көрсету; түрлі аурулардың алдын алу; қарт адамдарды салауатты өмір салтына тарту; адамдарды аурулар мен күйзелістерден кейін әлеуметтік бейімдеу және оңалту; халықты психологиялық қолдау және т.б. бойынша жобаларды әзірлеу).
Жобаның мазмұны бизнес-құрылымдардың кейіннен қаржыландыру перспективасын көздеуі тиіс. Жоба 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 30 қарашаға дейін (екі ай) іске асырылуы тиіс. Сараптамалық комиссия қараған кезде белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштері бар жүйелі жоспарлар артықшылыққа ие болады. Жоба өтінім нысанына және барлық құжаттардың қосымшасына толық сәйкестікте ресімделуі тиіс. Грант қаражатын пайдалану туралы есепті грант алушылар 2022 жылғы 1–10 желтоқсан аралығындағы есепті кезеңде ұсынады.
Толық ақпарат алу үшін Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығына мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 4, каб. 102 немесе нөмірі бойынша: (8-7172) 40-08-71.
Анонс
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
📣📣📣 Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.