Меню

Страницы

Статья

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы

Көктемгі егіс жұмыстарының өтуінің алдын ала балансы бойынша Осакаров ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын жаздық егу 419,4 мың гектарды құрайды, бұл өткен жылдың деңгейінен 11,4 мың гектарға артық.

Дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңы 5,2 мың гектарға ұлғаяды және 382,2 мың гектарды құрайды, оның ішінде:

Бидай – 340,0 мың гектар (3,2 мың гектарға ұлғайды);

Арпа – 35,5 мың гектар (0,5 мың гектарға ұлғайды);

Сұлы - 3,0 мың гектар (0,5 мың гектарға ұлғайды);

Майлы дақылдар-18,0 мың гектар (1 мың гектарға ұлғайды);

Картоп-430 гектар (37 гектарға ұлғайды);

Көкөністер-85 гектар (62 гектарға ұлғайды);

Жемшөптік дақылдар-15,0 мың гектар (4 мың гектарға ұлғайды),

Тұқыммен қамтамасыз ету

Егіс науқанын өткізу үшін аудан толық көлемде 43,0 мың тонна тұқымдық материалмен қамтамасыз етілді.

Барлық тұқымдар алдын-ала талдаудан өтті.

ЖЖМ қамтамасыз етілуі

Ауданға 8460 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді, оның ішінде айлар бойынша:

Наурыз – 1715 тонна

Сәуір – 2650 тонна

Мамыр – 3425 тонна

Маусым – 670 тонна

Оператор болып «Retail Trade Oil» ЖШС анықталды. 1 литр бағасы 198 теңгені құрайды.

Минералды тыңайтқыштар

Ағымдағы жылы минералды тыңайтқыштарды қолдану алаңын 120 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда, ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 2,0 мың тонна минералды тыңайтқыштарды сатып алды.

Гербицидтер

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларымен, зиянкестерімен және арамшөп өсімдіктерімен күресу үшін бүгінгі күні өнім берушілермен 140 мың литр сатып алуға шарт жасалды.

Техниканы дайындау

Барлық техниканың дайындығы - 98%.

Егіс науқанына 119 егіс кешені мен 1056 тұқым сепкіш қатысады. Күнделікті өндіру 25,0 мың гектарды құрайды. Егіс науқанын өткізу мерзімі 15-20 күн.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайындық жұмыстары үнемі ерекше бақылауда.

Дата публикации
15 марта 2022
Дата обновления
15 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
08 августа 2024
Бұзушылық үшін жазаланды
Ақпарат
08 августа 2024
Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті
Ақпарат
31 июля 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы