Осакаров ауданы бойынша 2022 жылғы 1 ақпанға өткен жылғы тиісті күнмен салыстырғанда ірі қара мал саны 3% өсті және 39546 басты құрады; қой мен ешкі – 3,9% өсті және 38334 басты; жылқы – 19,5% өсті және 19331 басты құрады; шошқа –5614 басты; түйе 16 басты, құс - 58713 басты құрайды. Ет өндірісі 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,2% өсті және 535,5 тоннаны құрады. Сиыр сүтінің өндірісі тиісті кезеңмен тең және 916,7 мың тоннаны құрады, тауық жұмыртқасының өндірісі 3,9%-ға өсті және 291,4 мың дананы құрады. Аудан бойынша дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында мал мен құстың барлық түрлерінің етін, сиыр сүтін, жұртшылық шаруашылықтарында тауық жұмыртқасын өндіру өсті. Нақты көлем индексі 100,9%-ды құрады.
Мал шаруашлығын дамытуға бағытталған ірі қара малдың аналық басын тұқымдық түрлендіру, ірі қара малдың аналығын және ұсақ қара мал сатып алу, бұқашықтарды бордақылау алаңдарына тапсыру нысаналы көрсеткіштері негізінде жұмыстар жүргізілуде.